«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы электрондық кезек талондарын алдын ала брондау бойынша пилоттық режим іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба 2026 жылдың 20 ақпанынан бастап Сырдария және Қармақшы аудандарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде жұмысын бастайды.
Жаңа қызмет азаматтарға бөлімшеге келудін ынғайлы күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Ол үшін «ЦОН» мобильді қосымшасы, электрондық үкімет порталын немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Онлайн кезегінің уақытын бекіткені туралы SMS-хабарлама жолданады.
Ал, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметтері, бұрынғыдай, алдын ала жазылусыз көрсетілетін болады.
Атап өту қажет, жекелеген жағдайларда және алдын ала брондау мүмкіндігі болмаған жағдайда егде жастағы азаматтарға, ҰОС ардагерлеріне, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ шетел азаматтарына арнайы қызмет көрсету аймағы жұмыс жасайды.
Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасын пайдалану үшін ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет екенін еске саламыз (қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді).
Пилоттық режим шеңберінде алдын ала брондау жүйесінің қажеттілігі мен тиімділігіне бағалау жүргізілетін болады. Талдау нәтижелері бойынша сервистің функционалын одан әрі енгізудің және ықтимал кеңейтудің орындылығы туралы шешім қабылданады.
Фото: ХҚКО
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!