Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

”Ақтөбеге” әлемдік жұлдыз келеді

17.02.2026, 10:00 43

Қазақстандық футболда легионерлер төңірегіндегі әңгіме қайта қызды. Спорт комментаторы, «Тараз» ФК директорының кеңесшісі Ербол Қайыров El.sport YouTube арнасына берген сұхбатында «Ақтөбе» клубы құрамын тағы бір танымал футболшымен күшейтуі ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі EI.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, ойыншы бұған дейін бірнеше қазақстандық клубпен келіссөз жүргізген.
Бір ғана жұлдыз келеді деп ойлаймын, ол “Ақтөбе” клубына келуі мүмкін. Бұған дейін мен “Тобыл” және “Қайсар” клубтарымен де сөйлескенмін, олар да трансферді қарастырған, бірақ мұндай шешімге бармады, – деді Ербол Қайыров.

Сұхбатта ол жалпы қазақстандық клубтардың трансферлік саясатына да тоқталды. Оның пікірінше, қымбат легионер шақырудан бұрын клубтар базалық мәселелерді шешуі керек.

-Бұл жұлдыздардың қаншалықты қажет екенін түсінбеймін. Қазір инфрақұрылым деңгейі төмен, стадиондардың өзі толық жаңартылмаған. Ал келген жұлдызды футболшылардың айлықтары 40-50, тіпті 70 миллион теңге болуы мүмкін. Сол ақшаны инфрақұрылымды дамытуға жұмсаған дұрыс еді, – дейді ол.

Қайыров сондай-ақ клубтың өз алаңында ойнауы жанкүйер үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Оның сөзінше, егер команда маусымды өз қаласынан тыс жерде бастаса, қолдаушылардың қызығушылығы да төмендейді.

-Алғашқы турлар Түркістанда өтуі мүмкін деген әңгіме бар. Сонда жанкүйерлер ұзақ жол жүре ме? Бұл қиын мәселе. “Ақтөбе” міндетті түрде өз қаласында футбол ойнауы тиіс, – деп қорытындылады ол.

Сурет: el.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: