Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Өңірлік балалар омбудсмендеріне тәртіп қатаң» – комитет өкілі

04.02.2026, 10:45 48

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында балалардың құқықтарын қорғау тақырыбында өткен брифингте halyqline.kz редакциясы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаға арнайы сауал жолдап, жауап алды. 

«Бұдан 2–3 жыл бұрын Қызылорда облысында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік омбудсмен мектептердегі ыстық тамақты тексеру кезінде пара алғаны үшін қызметінен босатылған болатын. Осыдан кейін министрлік тарапынан өңірлік омбудсмендер қызметіне қандай нақты бақылау тетіктері күшейтілді? Сондай-ақ соңғы жылдары Қызылорда облысында мектептер мен балабақшаларда санитарлық талаптарды бұзу бойынша қандай жағдайлар тіркелді?» деген Halyqline.kz редакциясының сауалына:

– Бүгінгі таңда еліміздің 20 өңірінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілдер нақты жұмыс істеп келеді. Олар балалардың құқықтарын толық қорғауға уәкілетті және өздеріне келіп түсетін барлық өтініш-шағымдарды тұрақты бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, өңірлік балалар омбудсмендері балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізілетін барлық тексеру комиссияларының жұмысына міндетті түрде қатысады. Бұл тәжірибе Қызылорда облысында да жүзеге асырылып отыр. Егер нақты деректер немесе заңбұзушылық фактілері болса, біз бірлесіп пысықтауға дайынбыз. Өңірлік уәкілмен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік бар, – деді комитет өкілi.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: