«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.54 (-0.42)

  • EUR: 509.2 (-1.68)

  • RUB: 5.72 (0)

Қызылордада 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған

27.11.2020, 10:15 126 0

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында 4 мәселе қаралып, сала басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады. Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары мен салалық басқармалардың басшылары, онлайн режимде қала, аудан әкімдері қатысты.

Жиында алдымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні мерекесін ұйымдастыру мәселесі тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мерекені атап өтудің арнайы медиа-жоспары бекітілетінін және атаулы мерекеде түрлі деңгейдегі онлайн шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді. Бұл ретте имидждік медиаөнімдер әзірленіп, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мереке қарсаңында өңірде тақырыптық онлайн іс-шаралар, білім беру ұйымдарында дәрістер, дөңгелек үстелдер, имидждік жобалар ұйымдастырылып, онлайн концерттер, спектакльдер, музейлерде онлайн экскурсиялар, виртуалды көрмелер, онлайн спорттық жарыстар өтетінін жеткізді.

Екінші мәселе – «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысына арналды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова бағдарлама шеңберінде 291 жобаға 40,1 млрд.теңге бөлініп, тиісті жұмыстардың іске асқанын баяндады. Сонымен бірге жыл аяғына дейін бірқатар жобаларды аяқтау міндеті тұрғанын тілге тиек етті.

Бағдарлама арқылы әлеуметтік-мәдени салада 126 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 42 жоба, инженерлік-транспорттық саласында 70 жоба, абаттандыру бағытында 53 жоба іске асуда. Бүгінде 291 жобаның 162-сі аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 9553 адам жұмыспен қамтылды.

Отырыста басқарма басшысы еңбек биржасы арқылы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды. Өңірде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 188 адам жұмысқа орналасса, қоғамдық жұмыстарға 106 адам жіберілген. Ал, электрондық еңбек биржасы арқылы 134 адам жұмысқа қабылданды.

Мұнан кейін Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Сәуле Құлымбетова 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағытының және «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының» іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысын баяндады. Барлық деңгейдегі бюджетте бақылау мен мониторинг жүргізу тапсырмасының орындалу барысында анықталған мәселелерге тоқталды.

Аппаратық жиындағы үшінші мәселе мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту бағытында атқарылған жұмыстарға арналды. Сала басшысы Гаухар Қалмақова 2020 жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасын орындауға бөлінген қаржы көлемі 1,5 есеге артқанын жеткізді.

Бүгінгі күні өңірде 30283 мүгедектігі бар адамдар тіркелген. Оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар саны – 5098. 9 ай ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 807 мүмкінді шектеулі азамат жұмыспен қамтылған. Ал, 6398 азамат электронды цифрлық қолтаңбалармен қамтамасыз етілген.

Жиын барысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елді-мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесін жалғастыру қажеттігін және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта жасау бағытында кешенді шараларды іске асыру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге 3 желтоқсан – мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күніне орай облыстағы ерекше жандарға көңіл бөлу қажеттігін қаперге салды.

Отырыстың соңғы мәселесі бюджеттің игерілу бағытына қатысты өрбіді. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврова бюджеттің игерілу барысын баяндап, көрсеткіштерге тоқталды.

Жиын соңында Гүлшара Әбдіқалықова жыл аяғына дейін маңызды әлеуметтік және ірі инфрақұрылымдық жобаларды аятауды, бюджет қаражатын толыққанды игеру қажеттігін тағы да қаперге салып, сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: