«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 420.79 (-2.08)

  • EUR: 511.98 (-0.12)

  • RUB: 5.67 (0.04)

Экс-президенттің қызы ауырып жатыр

23.10.2020, 16:20 147 0

HALYQLINE.KZ «Мемлекет мүлкін жымқырды», «салық төлеуден жалтарды» және басқа да қаржы жымқыру туралы қылмыстарға қатысы бар деп, түрмеге қамалған Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова түрмеде қатты ауырып жатыр. Бұл туралы Азаттық радиосының Өзбек қызметі хабарлаған.

Каримованың денсаулығының сыр бергені туралы оның қызы Иман Каримова Инстаграм парақшасында жазған. Оның жазуынша, Гүлнара Каримова пневмониямен ауырып, колонияның санитарлық бөлімінде жатыр.

«Оған медициналық көмек көрсетпейді, коронавирус тестінен өтуге рұқсат бермейді, емдеу үшін дәрі-дәрмек, аппараттар беруге де тыйым салынған. Бұл – қазіргі президент Шавкат Мирзияевтың саяси қарсыласы, бұрынғы презиенттің қызынан құтылу амалы»деп жазды кіші Каримова.

Каримова 2020 жылдың көктемінде 13 жыл, 4 айға сотталған. Бұрынғы президенттің қызы – 48 жаста.

Malim.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: