«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

500-ден аса қызылордалық төтенше жағдай режимін бұзған

15.04.2020, 16:47 268 0

HALYQLINE.KZ –| Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Аймақта болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, облыста қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тұрғындардың көшеге себепсіз жүруіне және көлік қозғалысына шектеулер қойылды.

Полиция департаментінің жеке құрамы ерекше режимге көшірілді.

Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап облыс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына (төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес 527 факті анықталды, олар:

– 149 дерек – көліктердің қозғалысына тыйым салу;

– 84 дерек – еш себепсіз тұрғын үйден тыс жерде жүру;

– 67 дерек – дүкендер бойынша;

– 49 дерек – кафе-ресторандардың қаулы талаптарын орындамауы.

Сонымен қатар, компьютер клубтары, автокөлік жөндеу орындары, қонақүйлер және т.б. орындар тексерілді.

236 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралып, 112 тұлғаға 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде айыппұл салынса, 124-і әкімшілік қамаққа алынып, 13-іне ескертілді. Қалған әкімшілік істер бойынша заң шеңберінде шешім қабылданатын болады.

Әкімшілік жазаға тартылғандардың билік өкілдеріне бағынбай, дөрекілік таныту деректері де кездесуде. 13 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ғимаратында соттың қаралуын күтіп отырған азаматтардың бірі қызметтік міндетін атқарып тұрған полиция қызметкерінің ескертуін елемей, тіл тигізіп, балағаттаған.

Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы бойынша (Билік өкілін қорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе 160 (бір жүз алпыс) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 (бір жүз алпыс) сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланатын болады.

Оған қоса, бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзу) 10-АЕК мөлшерінде (27 780 теңге) айыппұл салынды.

Ескерту жұмыстарының жүргізілгендігіне қарамастан халық арасында алаңдатушылық туғызып отырған коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан 11 адам анықталды.

Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша (Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда сот шешімімен оларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Блок-бекеттер бойынша:

  • Облыс бойынша 35 блок-бекет қойылып, онда 356 қызметкер жұмыс атқаруда (оның ішінде полиция қызметкері – 206, әскери қызметкерлер – 100, медицина қызметкерлері – 50);
  • Облысқа кіру және шығу жолдарына 3 санитарлық пост қойылды;
  • Қызылорда қаласының ішінде 4 жерде патрульдік полицияның 11 бақылау бекеті азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысына бақылау жасау үшін қойылды (онда 60 полиция қызметкері, 11 қызметтік автокөлік).

Дәл осындай жұмыстар барлық аудандарда атқарылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар Төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: