Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

WhatsApp-та жаңа функция іске қосылады

12.06.2020, 10:45 577

HALYQLINE.KZ WhatsApp-та хабарламаларды тез табуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылады, – деп хабарлайды WABetaInfo порталы.

Порталдың хабарлауынша, мессенджерді құрастырушылар жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатыр. Ол чаттағы хабарламаны күн бойынша тез іздеуге мүмкіндік береді. 

Мамандардың айтуынша, мессенджерде хабарламаны іздеуге мүмкіндік беретін функция бар. Алайда қолданушылар үшін хабарламаны табу қиын. 

Жаңа функция қажет хабарламаны тезірек табуға мүмкіндік береді. Ол үшін тек хабарлама жіберген күнмен оны алған уақытты белгілесе жеткілікті. 

Портал таратқан ақпаратқа сәйкес, функция әлі сынақтан өткізіліп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: