«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.4 (-0.47)

  • EUR: 502.78 (-0.6)

  • RUB: 5.59 (-0.01)

Интернеттің жылдамдық рекорды жаңарды

23.08.2020, 17:00 75 0

Ұлыбритания, Жапония инженерлері ақпаратты секундына 178 терабит жылдамдықпен жіберетін технологияны жасады. Бұл интернет-провайдер нарығындағы ең жоғарғы көрсеткіштен 17,8 есе көп. Бұл туралы New Atlas хабарлады.

Әлемдегі үздік интернет-провайдерлер секундына 10 Гб жылдамдықты қамтамасыз етеді. Тіпті, NASA агенттігінің интернеті секундына 400 Гб-тен аспайды.

Секундына 178 Тб жылдамдықпен Netflix стриминг сервисінің бүкіл фильмдерін бір секундта жүктеп алуға болады. Бұған инженерлер 16,9 ТГц жиіліктегі сигнал жіберу технологиясының арқасында қол жеткізген. Ол оптика-талшықты кабельдің өткізгіш қабілетін арттырады.

Инженерлердің айтуынша, бұл жылдамдықты нарыққа енгізу үшін жаңа кабельдің қажеті жоқ, тек әр 100 км сайын интернет жылдамдығын қамтамасыз ететін құрылғылар орнатылса жеткілікті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: