«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-1.62)

  • EUR: 503.38 (-1.13)

  • RUB: 5.6 (0.01)

Елімізде 606 мың дана компьютер техникасы өндіріледі

11.09.2020, 16:50 183 0

HALYQLINE.KZ Бүгінде Қазақстанда электронды өнім өндіретін 64 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы осы электронды өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 44,5 млрд теңгені құрады. Бұл ретте жалпы импорт көлемін ескергенде, аталған өнімдердің жергілікті қамту үлесі (1 трлн теңгеге жуық) небәрі 4%-ды құрайды. Электронды өнеркәсіп саласында бүгінгі таңда жаңа толық дайын өнімдерді: баспа платаларын («С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ), телекоммуникация жабдықтарын («Digital System Servis» ЖШС), суды, жылу мен жарықты есептейтін электронды құралдарды, деректерді сымсыз жеткізуге арналған модульдерді («Корпорация Сайман» ЖШС, «Орион-система» ЖШС және т.б.), компьютерлерді («С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «PS4U» ЖШС және т.б.), цифрлық бейнекамераларды («Перспектива» ҒӨБ, «NG Vision» ЖШС), радиостанцияларды («РТС Инжиниринг» ЖШС) шығару игерілген.

Электронды өнеркәсіпте отандық қамтуды одан әрі арттыруды ынталандыру мақсатында отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттарды арттыру, сауда желілері арқылы отандық құрастырылған компьютерлерді сатып алу үшін жеңілдікпен несиелендіруді енгізу, электронды өнеркәсіп саласындағы ҒЗТКЖ-ға қаржы бөлу және т.б. арқылы мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары қабылданатын болады. 2024 жылға қарай электронды өнеркәсіптегі өндірістің орташа жылдық көлемін 382,6 млрд теңгеге (өсім – 8,5 есе), экспорт көлемін 45 млрд теңгеге, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сатып алуда жергілікті қамту үлесін сәйкесінше 30% және 20% дейін жеткізу мақсаты қойылды. 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылып, орташа жылдық өсімі 28 мың адамды құрайтын болады.

Кеңеске қатысушылар мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойған цифрлық теңсіздікті жою және әлеуметтік әлжуаз отбасылардан шыққан балаларды компьютер техникасымен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыруға ерекше көңіл бөлді. Мәселен, 2020 жылдың соңына дейін 9 отандық өндіруші еліміздің мектептеріне қосымша 606 мың бірлік компьютер техникасын (351 мың компьютер және 255 мың ноутбук). өндіріп, жеткізеді. 2024 жылға қарай компьютер техникасының отандық өндірісі 5 есе, 165 млрд теңгеге дейін арттырылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: