«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.54 (0)

  • EUR: 509.2 (0)

  • RUB: 5.72 (0)

2,5 миллион диплом цифрлы форматқа ауыстырылды

11.06.2020, 12:15 377 0

HALYQLINE.KZ Цифрландыруға күш салу жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. Дәл мұндай сандық рефолюция біздің көз алдымызда өтуде. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміз экономиканы цифрландыру бағытын таңдады. ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің мәліметтеріне сүйенсек, 2018-2022 жылдары бағдарламаны іске асыруға мемлекеттен 141 048 387 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған. Оның ішінде 2018 жылға 21 544 099 мың теңге, 2019 жылға 33 153 045 мың теңге, 2020 жылға 59 865 614 мың теңге, 2021 жылға 26 485 629 мың теңге және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерінен қаражат жұмсалатын болады.

Осы ретте жаңа технологияның білім саласын айналып өтпейтінін сіз де, біз де білеміз. Бұған дейін де ағымдағы жылдан бастап дипломның электронды түрде берілетіні айтылып келді.

 – Биылдан бастап барлық жоғары оқу орны мен колледж түлектері дипломды қағаз түрімен ғана емес, электрондық түрде алады. Барлық нормативті акті қабылданды. Бұл не үшін қажет? Жұмыс беруші мен азаматтарда дипломның жасанды емес екеніне, сапасына қатысты сұрақтар туындап тұратыны жасырын емес. Дипломын растау үшін жұмыс беруші мен жас маманның көп уақыты кетеді. БҒМ-ға жыл сайын дипломның заңды екенін растау үшін 500 мыңға жуық өтінім келеді. Оны растау үшін көп уақыт қажет, – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

Жалпы электронды дипломдар не үшін қажет?

 – Биыл жоғарғы оқу орындары (бакалавр, магистр, PhD) мен колледж түлектеріне дипломның электронды нұсқасы беріледі, сонымен бірге қағаз диплом да сақталады.

 – 1992 жылдан бастап берілген 2,5 млн диплом цифрландырылды.

 – 1976-1992 жылдары берілген дипломдар жыл соңына дейін цифрландырылатын болады.

 – Цифрландыру не үшін қажет?

 – Дипломды растауға жұмсалатын уақыт пен ресурстар үнемделеді.

 – Мемлекеттік үлгідегі жалған дипломдардың айналымы жойылады.

 – Жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға үміткерлердің біліктілігі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

 – Түлектер туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету есебінен білім беру сапасы артады.

 – Барлық білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау автоматтандырылды.

2020 жылдың басынан бастап барлық дипломды цифрлық форматқа ауыстырылған. Білім және ғылым министрлігі сайтынан базаға енгізілген дипломды онлайн режимде тексеруге болады. Жұмыс берушінің де, жұмысқа тұратын азаматтың да уақыты мен ақшасы үнемделеді. Енді дипломның заңды екенін растау үшін нотариусқа барып, ақша төлеудің қажеті жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: