Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінде балық экспорты жаңа деңгейге көтерілмек

23.11.2020, 17:15 424

HALYQLINE.KZ Бұдан былай Сыр елінде балық экспорты жаңа деңгейге көтеріледі. Бұл үшін балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданып, оны іске асыруға 28 млрд.теңге бөлу жоспарлануда. Яғни белгіленген мерзімге дейін аймақта 55 тауарлы балық аулау фермасы іске қосылады. Жаңа өндіріс орны арқылы тауарлы балық көлемін 34 есеге ал, балық өнімінің экспортын 4,2 тоннадан 8,5 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мұнан бөлек, өңірде 10 тоған және 4 торлы ферма құрылғысы салынады.

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ішкі нарыққа қажет өнім өндіру үшін шағын өндіріс орындарының үлесі артып келе жатқанын жеткізді. Айталық, биылдан бастап Сыр елінде макарон, бұқтырылған қой, сиыр және жылқы етінен консерві дайындау өнідірісі іске қосылған. Мұнан бөлек, өңірде жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабрика, ас тұзын шығаратын испан технологиясымен жұмыс істейтін 3-ші цех, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру зауыты, 1200 басқа арналған ірі қара малын өсіру және сүт өңдеу кешені салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: