• USD: 411.54

  • EUR: 458.13

  • RUB: 5.84

Қызылорда қаласындағы блок-бекеттер

31.03.2020, 14:53 80 0

COVID-19 вирусына орай Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымованың қаулысымен 2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00 бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 07:00 дейін Қызылорда қаласында карантин жарияланды.

         Карантинге орай Қызылорда қаласы шекарасы бойынша 5 санитарлық блок-пост орналастырылды. Олар:  

         1. Оңтүстік бағыт «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Ислам» кемпингі, 1834 шақырым (Шымкент, Алматы бағыты).

         2. Қызылорда-Павлодар тасжолы, 13 шақырым (Жезқазған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан бағыты).

         3.  Қызылорда-Ақтөбе, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Ақжарма» ауылдық округі (Баймұрат батыр елді-мекенінің тұсы).

4. «Қызылорда-Жалағаш», Қызылөзек ауылдық округі айырығы.

5. «Тұңғыш Президент саябағы» жанындағы көліктік айналма жол.

Әр блок-постта кәсіпкерлердің мәселесін жедел шешіп тұру үшін Кәсіпкерлер палатасының мамандары кезекшілікпен тұратын болады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер шұғыл мәселелерімен Палата басшыларына тікелей қоңырау шала алады.

– Ғалымбек Жақсылықов (директор), 8 701 779 9090.

– Қожахмет Ілиясов (экономикалық мәселелер бойынша орынбасар), 8 771 773 0287.

– Салават Құлмахан (құқықтық мәселелер бойынша орынбасар), 8 777 454 9812.

– Пірмұхаммед Сыздықов (ауыл шаруашылығы мәселелер бойынша орынбасар), 8 777 647 24 44.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс жасайтын «жедел желісі»: 8 /7242/ 40-09-81 немесе 8 777 764 33 11 нөміріндегі call-орталыққа хабарласа алады.

         Ал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарласуға арналған байланыс құралдары: 1432, 8 778 870 14 32.

Төтенше жағдай кезінде елімізде кәсіпкерлікке қатысты жасалып жатқан жағдай туралы ақпараттарды мына сілтемеден алуға болады https://atameken.kz/ru/pages/1012-biznesvrezhimechs.

Бот по вопросам Төтенше жағдайдағы форс-мажорға қатысты сауалдар бойынша бот: https://t.me/atameken_certificate_bot

Қаржылық қызметтер бойынша бот: https://t.me/Atamekencallcentre_bot

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі   

# Үйде қалыңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: