«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 424.49 (-1.1)

  • EUR: 504.51 (-0.92)

  • RUB: 5.59 (-0.02)

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарының жаңа қаулысы шықты

17.09.2020, 10:55 246 0

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16.09.2020 жылғы №22 Қаулысымен кейбір кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс уақытын шектеу мерзімдері алынып тасталды, маңыздылығы жоғары кәсіпкерлік субъектілерінің уақыт шектеулері 09.00-23.00-ге дейін теңестірілді:

– сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда нысандары (бутиктер), сауда желілері жұмысына (толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 адамға 4 ш.м. болу) сағат 09.00 ден 23.00-ге дейін;

– сұлулық салондарының, шаштараз, СПА орталықтар және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;

– ашық алаңдағы аттракциондар жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;

– фитнес орталықтарының (бассейнсіз), тренажер залдары (орталықтары), спорттық-сауықтыру орталықтарының (үйірмелер, секциялар, т.б.) жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;

– қоғамдық монша, сауна жұмысына сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін рұқсат;

– ашық алаңда жеке және топтық жаттығуларға белгіленген уақыт алынып тасталды;

– облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;

– қоғамдық орындарға (демалыс саябақтары, саяжолдар, субұрқақтар, жағалаулар және басқа демалыс орындары) баруға сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін;

– жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне белгіленген уақыт алынып тасталды;

– халыққа байланыссыз қызмет көрсету (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б.) объектілердің қызметіне белгіленген уақыт алынып тасталды;

– бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.) жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды;

– такси қызметтері жұмысына белгіленген уақыт алынып тасталды.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: