Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істеп жүр?

29.09.2020, 17:30 402

HALYQLINE.KZ 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 16 мың 378 рұқсат тіркелген, – деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартатын 1803 жұмыс беруші бар. Оларда 454 379 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттарының басым көпшілігі жақын елдерден келсе, Қытайдан – 3579 адам, Өзбекстаннан – 1774, Түркиядан – 1661, Үндістаннан – 1266 және Ұлыбританиядан 1081 адам келген.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2020 жылғы квота республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,32 пайызы мөлшерінде белгіленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: