«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

Өрттен өлген ұсақ малдардың саны нақтылануда

22.10.2020, 17:30 173 0

HALYQLINE.KZ Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылының тұсындағы 30 гектар қураған егістік алқабы өртенді. Салдарынан жайылымда жүрген ұсақ малдар күйген. Оқиға кеше сағат 17:50 минут шамасында болған.

Бізге хабарлама аудандық ішкі істер қызметінің кезекшілігінен түсті. Өрт сөндіруге 19 қызметкер, 5 техника жұмылдырылды. Өрт толықтай сағат 20:48 минутта өшірілді. Алдын ала есебіміз бойынша 700-ге жуық қойды күйік шалды. Тағы ұсақ малдар бар. Нақты саны есептелуде. Ал өрттің шығу себебін сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев.

Өрт болған аумақта жайылымда жүрген «Ынтымақ» шаруа қожалығының ұсақ малдары.

– Қазір белгілі болғаны өрттен 263 бас қой өліп, көмілді. Күйік шалғаны 685 болып отыр. Олардың қаншасы тірі қалатыны әзірге белгісіз. Өтемақыға келер болсақ, талапқа сәйкес төрт жағдайда төленеді. Бұл мәселе нақты комиссия қорытындысынан кейін белгілі болады, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: