«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Облыс тұрғындары карантин талаптарын сақтамай отыр

02.11.2020, 14:30 201 0

HALYQLINE.KZ Бүгінгі таңда енгізілген карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында 384 мекеме мен ойын-сауық орыны тексеріліп, 781 құқықбұзушылық анықталды.

Оның ішінде кафе, мейрамханаларда 450 той жасаудың дерегі анықталса, компътерлік клубтар, букмекерлік кеңселер тарапынан карантин талаптарын бұзудың 59 дерегі, шаштараздар – 8, дүкендер және базарлар – 88, демалыс орындары – 4, санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген басқа 172 құқықбұзушылық анықталды.

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатындағы жергілікті атқарушы органдар, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, еріктілер, қоғамдық көмекшілер, бұқаралық ақпарат құралдарымен құрылған мобильдік топпен жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: