Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Самға» би тобы шетелде топ жарды

23.12.2020, 11:00 756

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде 1-орын иеленді.

Қашықтан ұйымдастырылған шарада көптеген мемлекеттің шығармашалық топтарымен бақ сынасқан жас зияткерлер қазақ биін орындап, үздік деп танылды.

Сондай-ақ, ұлттық өнерімізді әлемге танытуда 11-сынып оқушысы Баян Сарибаева жеке орындауда ерекшеленді. Польшаның «DIGI-TALENTY. JESIEN-2020» халықаралық фестивалінде «Қыз қиялы» атты би қойылымымен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды. Айта кетейік, «Самға» би тобы Зияткерлік мектеп жанынан құрылған. Бүгінде ұжымның 50-ден астам белсенді мүшесі әртүрлі жанрдағы хореографияны меңгеріп, мәдени мұраны насихаттауда үлкен септігін тигізуде.

Ұжымның жетекшісі кәсіби хореографтар Жұлдызай Мауленова мен Ақмарал Алибекованың оқушылардың жан-жақты және шығармашылық потенциалын дамытуда үлестері зор. Балалардың талантын ашуда және ұлттық өнерді жаңғыртудағы еңбектері үшін педагогтары да ұйымдастырушылардың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: