«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (1.18)

  • EUR: 509.29 (4.04)

  • RUB: 5.58 (-0.01)

42500 теңгені 170 мыңға жуық адам қайтарып берген

24.04.2020, 21:39 181 0

HALYQLINE.KZ –|  Қазақстанда 164 мың адам 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді қайтарып берген.

– Елімізде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 192 234 қазақстандыққа 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем тағайындалған болатын. 4 054 417 адамға қазірдің өзінде ол ақша аударылып қойды. 164 730 адам өз еркімен 42 500 теңгені қайтарып берді, – деп хабарлайды  «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай.

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 4 миллионнан астам адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша «42 500 теңге» төлемге 8 млн 21 мың адам өтініш берген. Келіп түскен 3 млн 585 мың өтінім бойынша 42 500 теңге тағайындаудан бас тартылды, себебі олар ТЖ кезінде табыстың жоғалуына байланысты МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді тағайындау қағидаларына сәйкестігін тексеруден өтпеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: