Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дикий Арман» Боратты іздеп жатыр

20.10.2020, 15:10 663

HALYQLINE.KZ «Дикий Арман» лақапатымен танылған Арман Жұмағалдиев атышулы Боратты іздестіріп жатыр.

Арманның айтуынша Борат мәселесімен оған көп ұсыныстар түскен. Ол бұл туралы ресми парақшасында былай деді.

«Ассалаумағалейкүм, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиді. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын болуда. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле — не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін, – деп жазды.

Осы әрекетті көп күткен оқырмандар:

– Жарайсың! Біз сенімен біргеміз! Боратты тап! – деп қолдау білдіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: