Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әр тұрғынға 100 мың теңгеден беріледі

08.05.2020, 10:38 568

HALYQLINE.KZ –|Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан аймағындағы әр тұрғынға 100 мың теңге төленеді.

2020 жылғы 6 мамырда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан аймағына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік комиссия барды. Су басқан аумақтарды ұшып аралап шыққаннан кейін, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен және өзбек әріптестермен бірлесіп, Мемлекеттік комиссия су басқан Өргебас және Фирдоуси ауылдарына барды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының аумағына Өзбекстан тарапынан 100-ден аса арнайы техника (шынжыр табанды және дөңгелекті тракторлар, мотопомпалармен жабдықталған өрт сөндіру машиналары) және 200 адам жеткізілді, олардың ішінде гидротехника мамандары да бар.

Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан ауылдарды аралап, елді мекен тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елді мекенінде жиналыс өткізді. 

Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады.

Мырзакент төңірегінде Достық, Жаңа тұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныс аударатын жаңа шағын аудан салынады. Жаңа тұрғын үй алабына барлық коммуникация желісі жүргізіліп, балабақшалар мен мектептер салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: