«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Сол күні мен де сендерді көзімді жұмып тексеріп едім…

15.06.2020, 16:30 532 0

HALYQLINE.KZ

– Ұстаз, мені есіңізге түсіре алдыңыз ба?

– Жоқ, – деді мұғалім.

– Қалайша? Балалық кез. Сол күні мен өз сыныптасымның сағатын ұрлап алып едім. Әлгі жігіт сағатының жоғалғанын айтып, сабақ үстінде оқушылар дүрліге бастады. Қатты қорқыныштан мен не істерімді білмей, абдырап қалдым. Іштей өкініш өртеп, күйіп барамын. Сосын сіз барлығымызды тақтаға шығарып, көзімізді жұмып тұруға бұйрық бердіңіз де, қалтамызды тексере бастадыңыз. Барлығымызды қатар бойымен тексеріп, кезек маған да жетті… Бірақ қалтамнан сағат табылғанымен тексеруді тоқтатпай, әрі қарай өтіп кеттіңіз. Соңында сағатты егесіне қайтарып беріп, бірақ қай қалтадан шыққанын айтпадыңыз. Бәріміз аң-таң. Тіпті кейін мені жеке шақырып та ұрыспадыңыз. Енді есіңізге түсті ме?

– Жоқ, – деді мұғалім. – сол күні мен де сендерді көзімді жұмып тексеріп едім…

Шығыс аңыздарынан алынды.

Аударған  Абылай  ҚҰЛТАЙ.

Әлеуметтік желіден алынды.

Көрнекі  сурет

#Ұстаз  #Шәкірт  #Қандай күшті әңгіме…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: