«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (1.18)

  • EUR: 509.29 (4.04)

  • RUB: 5.58 (-0.01)

Тротуар тұра тұрар…

09.09.2020, 9:00 248 0

Адам өмірі асфальттан арзан ба?





Құрметті Қызылорда қаласының әкімдігі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі!

Сәулет мөлтек ауданының тұрғындарының атынан Қойсары батыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолын, яғни тротуар салуларыңызды сұраймын!

Қойсары батыр көшесі Мұрагер (қазіргі Абай атындағы мектеп – ред.) мектебінен бастап Назарбаев даңғылына дейін созылған. Осы көше бойымен ОблГАИден бастап барлық қиылысатын көшелердің балалары мектепке қатынайды, жан жақтағы көшелерге бірлі-жарым қоғамдық көлік ғана жүретіндіктен, Мұрагер мектебінен Назарбаев даңғылына дейін жұмысына баратын халық автобусқа мінуге қатынайды. Азанғы, кешкі және түнгі мезгілде қараңғы көшеде автокөлік пен осындай жаяу жүргіншілердің көп болуынан жол-көлік оқиғалары жиі болып тұрады.

Шыны керек, сәл қараңғы түссе рөлде отырып жаяу жүргіншіні байқамай қаласың, ал егер қарама қарсы көлік кездессе жағдайдың одан сайын қиындайтынын айтпаса да түсінікті шығар. Ал алдағы қарлы қысты ескере отырсақ, балалары сабаққа шыққанда жанын шүберекке түйген аналардың уайымын сөзбен жеткізе алмайсың.
Қызылорда облысының полиция департаменті, өздеріңіздің тараптарыңыздан неге осындай қауіпті көшелерге бірінші кезекте тротуар салынуын ұсынбайсыздар?!

Қазақстан Республикасының Конституциясында ең басты байлық адам және адам денсаулығы мен өмірі екені айдан анық жазылған.

Сіздерден адам өлімін және жарақатын болдырмау, азайту үшін осы көшеге биылдан қалдырмай тротуар салуларыңызды сұраймын!

Нұржан Бай-Жігіт,

қала тұрғыны

Мақалаға көрнекі сурет қолданылды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: