Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазақстанда ғылымға бет бұрдым» деген сөз «қайырш­ылыққа өз еркіммен келдім» деген түсінікті қалыптастырған»

16.05.2020, 12:12 709

HALYQLINE.KZ Бірінші кезекте біз «ғылым қоғамға не үшін керек?» деген мәселені түсініп алсақ. Ғылымның мақсаты – қоғамдағы қордаланған, шешімі табылмай жүрген мәселенің түйінін тарқатып беру немесе шешудің оңтайлы жолын ұсыну. Мәселен, бір аймақта­ күн райы +40 градустан да жоғары болса,­ келесі аймақта +10 градустан аспайды делік. Екі аймақта жол салу үшін әуелі екі жақтың ауа райы ескеріліп, асфальт құрамының қандай болу керектігі зерттеледі. +10 градустан әрі ысымайтын аймаққа есептелген асфальтт­ы +40 градус ыстығы бар Қызыл­ор­даға салсаңыз, жазда асфалтыңыз еріп, балқып кетеді емес пе?! Яғни, біз қажетті нәрсеге ғылыми зерттеу арқылы қол жет­кіземіз деген сөз. Демек, ғылымның мақсаты – адамның өмір сүруін жеңілдетіп, туында­ған мәселелерін шешу. Осы тұста, гуманита­рлық салада «ғылым қандай мәселені шешіп беруі мүмкін?» деген ой туады. Ең бастысы, халықтың әдеби, мәдени, тарихи жалпы рухани мұраларын көне дәуірден қазірг­е дейінгісін зерттей отырып, біріншіден, отарлық санадан арылу үшін, екіншіден, жаһандануға жұтылып кетпеу үшін «ұлт ретінд­е, халық ретінде рухани болмысымызды қалай сақтап қаламыз?» деген мәселені талқылып, осыған бір шешім тауып беруі керек деп есептеймін.

Әлемге қарайтын болсақ, бір ғана BBC-дің өзінде эфирден қандай бағдарлама көрсетілетіні 1-2 жыл бұрын алдын ала зерттеледі. «Алда әлемдік кризис келе жатыр, сол кезде қандай тақырып өзекті болады?» деген­ секілді мәселелер жан-жақты талқыланады. Зерттеу нәтижесі бойынша жаңа бағдарламалар халыққа жол тартады. Бізде ше? Әсіресе, Орта Азия елдері ғылыми зертте­удің нәтижесін өндіріске қолдану, өмірде қолданудан гөрі кез келген шешімді саяс­и тұрғыда қабылдайды. Сөйтеміз де қабылданған шешімнің дұрыстығын ғылыми зерттеу арқылы дәлелдеп жататынымыз жасырын емес.

Патшалық Ресей қазақ халқын отарлау үшін ә дегеннен әскермен шауып кірген жоқ. Бірінші қазақтың болмысын, салт-дәстүрін, күнделікті тұрмыс-тіршілігін зерттеді. Қазақ қандай халық, қандай сөз айтқанда күледі, қандай сөз айтса жұбанады, өмір сүру салты қандай, бұлардың рухани тұрғыда көңілін тыныштандырып ұстап отырған қандай құндылық? Сөйтіп, біздің тарихымыздың, әдебиетіміздің, тіліміздің, мәдение­тіміздің бәрін-бәрін зерттеп, соның нәтижесінде шешім қабылдап барып отарлауға көшті. Соның бір дәлелі ретінде Тевкелевтің зерттеуін айтуға болады. Ол: «Қазақтың 12 жақсы қасиеті, 6 жаман қасиеті бар екен. Қазақты отарлау үшін әлгі 12 жақсы қасие­тін жойып, 6 жаман қасиетін дамыту керек­» дейді. Бірінші, «бұлар екі тізгін, бір шылбыр, бар билігін төренің қолына береді. Енді хандық билікті жойып, билікті қараның қолына беру керек. Сосын қараның арасынд­а билікке талас басталады» деп бағамдады­. Мұны жасады ма, жасады. Екінші, ақсақалға бағыну. Қазақта арқыраған батыр болса да, таяққа сүйенген қарияға бағынады, оның айтқанынан шықпайды. «Ақсақал, сіздің заманыңыз басқа, ол дәуір өтті, қазір жаңа заман» деген ұғымды енгізді. Зерттеу нәтижесінде қабылданған шешім бойынша жастарды үлкендерге айдап­ салу процесі жүрді. Осылайша, үлкенді сыйлау­ секілді біздің ірі болмысымыз жойылды. Жоғары­дағы сөзімді қайталап айтамын, біз бүгінгі күні отарлық санадан арылу үшін және жаһандануға жұтылып кетпеу үшін «ұлт ретінде,­ халық ретінде рухани бол­мысы­мызды қалай сақтап қаламыз?» деген мәселені талқылып, осыған бір шешім тауып­ беруі керек деп есептеймін. Мінеки, біз «бүгінгі қазақ ғылымының алдағы мін­деті қандай?» дегенде осыған мән беруіміз қажет еді.

Бүгінде ғылыммен кім айналысып жүр? Маңайға көз тастап көрейікші. Бізде ғылыммен айналысу үшін магистрлік, докторлық диссертация қорғайды. Маңайымда мен көріп жүрген қаншама мықты жастар бар, оларды мақтан тұтам. Дегенмен, әдебиеттану болсын, басқа салада болсын бір ауыз ағылшынша сәлемдесуді білмесе де, магистратура­ мен докторантураға оқуға түсіп жатқандар да бар. Бұлар – ғылымды ақшаға сатып алуға болады деген көзқарастағы адамдар. Осылар ғылымның тамырына балта шауып жатыр. Бұл жалған ғалымдардың ғылымға тигізер қандай зияны бар? Біріншіден, қоғамда ғылымның ешқандай қадірі қалмайды. Яғни, ғылым ақшасы бардың айналысатын шаруасы сияқты. «Мен – доктормын, мен – пәленмін» деп айту үшін ғана секілді болып қалады. Екіншіден, осы уақытта шынайы зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектері бағалан­байды. Міне, осындай жалған ғалымдардың көзқарасы ғылымға кері әсерін тигізеді.­ Бұл ретте біз биылғы магистратураға тапсырушылардың ағылшын тілінен тестке­ кірген жағдаяттарын жария етіп айтуымызға болады. Министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланып жатыр. Тестте телефонмен немесе шпормен ұсталып жатқандар бар. Бұлар – осыған дейін ғылым туралы теріс пікір туғызғандардың жемісі. Енді біз мұны қалай тоқтата аламыз? Бір-ақ жолы бар, бақылау мен талап күшеюі керек. Аға буын ғалымдар: «қазір ғылым қартайып бара жатыр­» дегенді жиі айтады. Егер біз ғылымды дамытамыз десек, онда жастардың ғылымға бет бұруына және дамытуына мүмкіндік жасауымыз керек. Себебі, «Қазақстанда ғылымға бет бұрдым» деген сөз «қайырш­ылыққа өз еркіммен келдім» деген түсінікті қалыптастырған. «Ғылымда ақша жоқ, жағдай қарастырылмаған, әйтеуір ілініп-салынып өмір сүресің» деген секілді. Осыны жою үшін мемлекет тарапынан ғылымғ­а көп қаржы бөлінуі керек. Мәселен, өзім қазақстандық докторант ретінде шетелді­к грантты жеңіп алдым. Ол жерде берілетін ай сайынғы стипендия өте жоғары­ болды. Осы тұста, елдегі гранттан гөрі шетелді­к грантпен айналысқан дұрыс деген ой туады. Біздегі ғылыми потенциалы бар жастардың шетелге кетуінің бір себебі осы екені жасырын емес.

Әрине, елде ешқандай мүмкіндік жасалмай жатыр дей алмаймыз. 2018-2020 жылдарға арналған 3 жылдық ғылыми жобалардың конкурсы болды. Сол жобаға қатысушылардың, қателеспесем, «30 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болсын» деген талап қойылды. Бұл – бір. Екіншісі – жақында ғана жарияла­нған 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарға арналған ғылыми жобалар гранты. Демек, бізде аз да болса, жастарға көңіл бөлініп жатыр. Онан бөлек, әр өңірде облыстық бюджеттің қаржыландырылуымен ғылыми жобалар жүзеге асырылып жатады. Осы жобаларда әр өңір жастардың жұмыс істеуіне, жаңа көзқараспен зерт­теуге басымдық беру керек деп есептеймін. Өйткені, кейбір облыстардағы ғылыми жобалар­ды қарасам, ескі көзқарас, бұрын жазылған ғылыми зерттеулердің нәтижелері әлі жарияланып келеді. Ғылыми гранттар бөлінгенімен, жаңашылдық жоқ. Ескі ізбен кете берсек, бізде ғылым дамымайды.

PhD  доктор Бекарыс Нұриманның

«Халық» газетінде жарияланған ой-пікірінен үзінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: