«Халық» газетіне – үздіктер қатарында!

  • USD: 421.91 (1.24)

  • EUR: 511.57 (0.58)

  • RUB: 5.59 (0.01)

Білім сапасын анықтайтын аттестация жүргізіледі

12.01.2021, 8:30 95 0

Мемлекет басшысы Заңға қол қойып, білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов фейсбук парақшасында жазды.

Қазір жалпы ережелерге тоқталып өтейін, кейін жоғары сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлеріне қатысты өзгерістер туралы бөлек жазатын боламын.

  1. Қабылданған Заңдағы маңызды нормалардың бірі – балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институтын енгізу.
    Ол туралы кеңінен тарқатып айтқан болатынмын.
    Енді мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында да жекеменшік ұйымдарда орналастырылатын болады.
    Бұл мемлекет тарапынан үлкен шығындарды қажет етпей-ақ балалардың секцияларға, үйірмелерге және басқа да дамыту орталықтарына баруына қатысты мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді.
  2. Балабақшалар, мектептер мен колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтетін болады. Ұзақ уақыт бойы талқыланған норма қабылданды. Аттестаттау – сыртқы мониторинг және білім беру ұйымдарының белгіленген стандарттар бойынша орындаған жұмыстарын бағалайтын құрал болады.

Ең бастысы, аттестаттау тек проблемаларды айқындаушы репресивті құрал емес, анықталған проблемаларды жоюға бағытталған нақты ұсыныстар беру тетігі болып табылады.

Аттестаттау бес жылда бір рет жүргізіледі. Ол арқылы білім беру ұйымдарында берілетін білімнің сапасы анықталып, ата-аналар, оқушылар мен педагогтер арасында сауалнама жүргізіледі, материалдық-техникалық база, кадр құрамы және басқа да аспектілер бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланады.

  1. Үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары білім беру процесіне енгізілгенге дейін міндетті түрде сараптамадан және апробациядан өткізілетін болады.

Яғни енді оқу процесіне жаңа бағдарламаны енгізу үшін алдымен міндетті түрде сараптама, кейін апробация жүргізіледі. Осылайша орын алуы мүмкін кемшіліктер анықталатын болады.

Бұл өте маңызды норма, жаңа оқу бағдарламаларын енгізуге байланысты жұмыстарда асығыстық жасамау керек.

Әрине, бұл норма министрлікті шектейді, алайда осы арқылы жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген және сыналған бағдарламаларды енгізудің механизмі жұмыс істейтін болады.

Одан бөлек, оқулықтардың сапасын одан әрі жақсарту, оқу материалдарын әзірлеу кезінде бірізділікті белгілеу үшін министрліктің мектеп оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу құзыретін айқындайтын түзету қабылданды. Бұл оқулықтардың сапасын арттыруға бағытталған маңызды норма болып табылады.

  1. Министрлік білім беру ұйымдарына алып кіруге және онда пайдалануға тыйым салынатын заттардың тізімін бекітетін болады. Бұл норма оқу орнында білім алушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін және алдын алу шараларын күшейту үшін енгізілді.
  2. Заңда қашықтан білім беруге қатысты жаңа нормалар пайда болды. Қашықтан оқыту ұғымы және қашықтан оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыреті бекітілді. Қашықтан білім беруге қатысты талаптар айқындалатын болады.

———————————————————-

Президентом подписан Закон, которым внесены изменения и дополнения в законодательство по вопросам образования.

В этом посте остановлюсь на общих положениях.
Следующие два поста будут посвящены новеллам по уровням высшего, технического и профессионального образования.

  1. Одной из важных норм принятого закона стало внедрение института государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей. Я ранее уже писал об этом пост. Скажу лишь, что госзаказ теперь будет размещаться и в частных организациях в рамках ГЧП.
    Это даст возможность без больших затрат со стороны государства поэтапно решить вопрос занятости детей в секциях, кружках и других развивающих центрах.
  2. Принята давно обсуждаемая норма по возвращению государственной аттестации детских садов, школ и колледжей. Аттестация является инструментом внешнего мониторинга и оценки исполнения установленных стандартов организациями образования.

Самое главное, чтобы аттестация не была репрессивным инструментом, просто констатирующим проблемы, а стала механизмом выявления проблемных зон и предоставления четких рекомендаций для их устранения. Именно в рамках такого подхода будет реализована эта процедура.

Раз в пять лет организации будут проходить аттестацию, которая включает в себя проведение срезов качества знаний, опросы родителей, учащихся, педагогов, оценку соответствия материально-технической базы, кадрового состава и других аспектов установленным требованиям.

  1. Вводится норма по обязательному проведению экспертизы и апробации типовых учебных планов, типовых учебных программ до внедрения их в учебный процесс.

Иными словами, теперь учебные программы до внедрения в учебный процесс в обязательном порядке должны пройти экспертизу и апробацию, во время которой как раз будут выявляться возможные недостатки. Это очень важная норма, спешки в деле внедрения новых учебных программ быть не должно.

Да, это ограничивает министерство, но вместе с тем является механизмом внедрения только продуманных, научно обоснованных и апробированных программ.

Кроме того, для дальнейшего улучшения качества учебников, установления единообразия при разработке учебных материалов принята поправка, определяющая компетенцию министерства устанавливать требования к структуре и содержанию школьных учебников и учебно-методических комплексов.
Данная норма направлена на повышение качества учебников.

  1. Определена в законе компетенция МОН по утверждению перечня предметов и веществ, которые запрещается вносить и использовать в организациях образования. Эта норма введена в профилактических целях, а также в целях соблюдения норм безопасности обучающихся в стенах учебного заведения.
  2. В законе появились новые нормы, регламентирующие дистанционное обучение. Закреплено само определение данного понятия и компетенция уполномоченного органа по утверждению Правил организации дистанционного обучения, где и будут определяться требования и процедуры по его осуществлению.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: