Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақжан әл-Машани ғылыми мұрасы жайлы кездесу өтті

09.12.2020, 18:00 1408

HALYQLINE.KZ Экономика және құқық институтының Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен фарабитанушы Ақжан әл-Машани мұрасын дәріптеу аясында «Ақжан әл-Машани ғылыми мұрасы» тақырыбында «Болашақ» университетінің және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұстаздарымен онлайн кездесу өткізілді. Кездесудің модераторы – кафедра меңгерушісі Әбікенов Жарқынбек Оралбекұлы.

Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Камалова Феридэ Болатқызы «АҚЖАН ӘЛ-МАШАНИ МҰРАСЫ» атты баяндамасын презентация түрінде таныстырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мәдениеттану және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, мәдениеттану магистрі Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы «Ақжан Әл-Машани еңбектері және рухани жаңғыру» атты баяндама жасады. Ақжан Әл-Машани мұрасын танудағы мәселелері мен міндеттеріне тоқталып, өз ойларын қоғамдағы рухани жаңғырумен байланыстырды.

Филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» университеті, Білім беру және педагогика жоғары мектебі, филология, журналистика кафедрасының аға оқытушысы Тасболат Сиезбайұлы Медетбаев «Ақжан Әл-Машанидің ғылыми жəне рухани мұрасы» тақырыбында баяндама жасады. Ол ойшылдың ұстаз, философ және ғалым ретіндегі қырларына ерекше тоқталды.

Кездесуде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттеріне Ақжан әл-Машанидің зерттеулердің бағыты, ғылымдағы жетістіктері, еңбектері таныстырылып, өзекті сұрақтарына толық жауап алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: