Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Менде тұрғындарды жеке қабылдау күні деген жоқ

17.09.2020, 11:10 811

Жақсылық  ОСПАНОВ,

Қызылорда  облысының  дене шынықтыру  және  спорт

басқармасының  басшысы:

БҰҚАРАЛЫҚ   СПОРТТЫ   ДАМЫТУ –

АЛДЫҢҒЫ   ОРЫНДАҒЫ   МІНДЕТ


– Жақсылық Әбдімәлікұлы, ашық әңгімеге келіскен­іңізге көп-көп рақмет! Басшылыққа пандемия­ жағдайындағы қиын-қыстау кезеңде келдіңіз. Сыр  спортына  қандай  өзгеріс әкелгіңіз келеді?

– Басшылық кызметке тағайындалғаныма аз ғана уақыт болса да, мен бұл салаға кеше келген­ жоқпын. Өзгерістер уақыт ағынымен бола жатад­ы. Атқарылған жұмыстарға халық өзі баға береді. Біздегі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланыс­та. Мен үшін бұқаралық спортты дамыту­ – алдыңғы орындағы міндет. Неге десеңі­з, қала, аудан, елді мекен тұрғындарын спортқа тарту үшін әуелі инфрақұрылымдарға қолжетімділігін арттыруымыз керек. Осы бағытқа­  басымдық  беруіміз  қажет.

– Әрине. Оның үстіне Елбасы бұқаралық спортпен шұғылданушылар қатарын 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Біздің өңір бұл цифрды оңай еңсерді деп ойлаймын…

– Бұқаралық спортты қалай дамытамыз? Егер біздің спорттық нысандарымыз болмаса, болған  күннің  өзінде  халыққа қолайлы бол­маса дегендей. Қазір тұрғын үй аулаларында бала­лардың ойын алаңқайлары, футбол алаңдары көп салынып жатыр, жаңартылып жатыр. Одан бөлек көшеден жаттығу жасайтын орындарды да жиі кездестіруге болады. Біз түсінуіміз керек, барлығы бір күнде болмайды. Халық спортпен шұғылданып, денесін шынықтыруға қалыптасып келеді. Жылдан-жылға халықтың саны да өсіп жатыр. Сондықтан, спорт кешендерінің де, спорттық алаңдардың да саны артуы керек. Менің мақсатым – осы. Соңғы 2 жылда 16 спорт кешені салынды. Осының арқасында спортпен шұғылданушылар қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Елбасының тапсырмасын біз асыра орындадық. Өңірде спортпен айналы­сатындар  саны  30,2  пайыз болды. Өзіңіз  айтқандай, біздің облыс бұл цифрды оңай  еңсерді.


ПАНДЕМИЯ   КЕЗІНДЕ    ДЕНЕ   ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ  

МАҢЫЗЫ   НЕГЕ   АРТТЫ?


– Төтенше  жағдай, карантин  режиміне байланысты облыстағы спорттық іс-шаралар мен жарыст­ар онлайн өтіп жатыр. Спортшылар мен жанкүйерлер  бұған  үйреніп  те  қалған  болар.

– Шынын айту керек, біз онлайн жарыс­тарды соған мүмкіндігі бар спорт түрлерінен өткіздік. Яғни, шахмат, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру спорты, каратэ, таеквандо, т.б. дегендей. Шахмат пен тоғызқұмалақ жарыстарын өткізуге­ толық мүмкіндік болды, өйткені арнайы бағ­дарламалар бар. Каратэде жаттығуларды орнын­да тұрып мәнерлеп жасаса, соған баға беру бағдарламасында бар. Таеквандода да сон­дай­ бағдарлама бар, жаттығуымен бағаланып, арнайы чемпионат та өткізіледі. Мысалы, бокс, күрес, командалық ойын түрлерінен онлай­н  жарыс  өткізуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан  да, біздің спортшыларымыз үйінде жат­тықты. Оқу-жаттығу жұмыстарын онлайн түрде бапкерлердің қадағалауымен өткізді. Бүкіл әлемде болы­п жатқан індет уақытында облыстың ал­дыңғ­ы қатарлы спортшылары тұрғындарды салама­тты өмір салтын ұстауға, спортпен айналысуға шақырды. «Сыр спорты» ютуб каналы арқылы олар жат­тығуларымен, кеңестерімен бөлісіп отырды. Республика көлеміндегі #Үйдеотыр, #Үйденшықпа деген секілді челлендж, акциял­арға тұ­рақты түрде үн қосып, орын­далуына  ат  салысты.

Әлгінде айтып өткенімдей, Сыр спорт­шылары үйде жаттығу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге тырысты. Дене жаттығуын жасады.­ Бірақ, бұл спортшылардың өз формасын  100 пайыз толыққанды сақтап қала алмайды. Себебі, боксшы жұдырықтасуы, балуан күресуі  керек.

– Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты­ мақалаңызда «Пандемия кезінде дене шынықтырудың маңызы артты» депсіз. Бұлай деуіңізг­е  не  түрткі  болды?

– Пандемия кезінде дене шынықтырудың маңызы неге артты? Біз «бірінші байлық – денсаулық» дегенді жақсы білеміз, бірақ, осындай қиын-қыстау кезеңде осының рас екеніне іс жүзінде көз жеткіздік. Иә, төтенше жағдай, каран­тин режимінде дене шынықтырудың, дене жаттығуларының маңызы арта түсті. Мұның бір себебі, үйден шықпай отырған адамдар­ бойына қан жүру үшін қозғалыстың керек екенін ұғынды. Осы уақытта сырбойылық спортшылар өз тәжірибелерімен, жаттығу­ларымен бөлісумен болды. Өйт­кені, үйде отырға­н жастар, жасөспірімдер танымал спортшыла­рға еліктесе­, үлкен кісілердің өзі жаттығудың түр-түрімен танысып, бірге жаса­ғанда­ры  да  кездесті.


«ҚАЙСАР»  «АПОЭЛДІ»  ЖЕҢЕДІ  ДЕП  ҮМІТТЕНЕМІЗ


– Бүгін «Қайсар» Еуропа лигасы аясында кипрлік «Апоэлмен» кездеседі. «Қасқырлардың» ел  біріншілігіндегі  ойыны  да жаман емес. Жалпы,­  «Қайсардың»  дайындығы  қалай?

– Сұхбат барысында футбол туралы міндетті түрде айтамын деп отыр едім, тіпті сұрақ қойылм­аса да (күліп). Өйткені, Қызылорданың тең жартысы футболды жақсы көреді деп айтсам артық емес шығар. Жергілікті клубымыз «Қайсарға» жанкүйерлік ететіндер бар. Пандемияның спортқа, оның ішінде футболға да көп зияны тиді. Көптеген футбол жарыстары, турнирлері  тоқтады. Ел біріншілігі де өтпей қалды. Осы уақытта Қазақстан футбол федерациясы  Алматыда ҚР чемпионатын жалғастыру туралы шешім қабылдады. «Қайсар» бұл жақта жақсы ойын  өрнегін көрсетіп жатыр. Мұның себебі бар ма? Оған команданың жоғары деңгей­дегі дайын­дығы әсер етеді. Федерация шешімінен кейін де жаттығу жасауға бірден рұқсат берілген жоқ. Бірақ, Шымкент қаласындағы «БИИК» деген спорттық базада оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат бар. Өйткені, ол жақ эпидемиологиялық-санитарлық талаптарға сай. Арнайы дәрігерлері бар, сақтық шарала­рына арналған заттары да бар. Команда және бапкерлер құрамы еш жаққа шықпай, базада­ дайындық жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында ел біріншілігінде жоғары ұпай жинадық­ деп айта аламын. Алдымызда қиын матчтар  күтіп  тұр.

– Ал, «Апоэлмен» ойын туралы не айтасыз?

– Біздің негізгі мақсатымыз – «Апоэлмен» ойынға дұрыс дайындық жасау. Әуелгіде команданы Алматыдан қайтарған жоқпыз. Сол жерде дайындалсын дедік. Әрине, жеңеді деп үміт­тенеміз. «Қайсардың» 2 ойыншысы ұлттық құрама сапында доп тепті, 2-еуі қосалқы құрамда болды. Мұның өзі жақсы жетістік. Жалпы алғанда, «Қайсар» – азулы, мінезді команда. Осы  деңгейден  түспеуге  тырысамыз.

– Спорт басқармасына қатысты бірқатар мекеме­лердің  сайты  ашылғанынан  хабардармыз. Спорт саласын жазатын журналист ретінде ол сайттарды жиі қарап тұрамын. Сайттардың қызметі­  басқарманың  бақылауында  ма?

– Сайттарды ашқан себебіміз – спорт саласындағы жаңалықтарды ақпараттандыру, на­сихаттау, оқырмандар үшін қолжетімділікті арттыру­. Бір жағынан мекеме­лер де өз жұмысын, жаңалықтарын жа­риял­айды. Сайт ар­қы­лы­ қай жерде спорт ғимарат­тары бар, спорт сек­циялары бар, т.б. керекті ақпараттарды іздеуші­лер тез тапса деген ой болды. Иә, қазір  жұмыс  жүріп жатыр. Кейбіреуі жо­ғары деңгейде, енді бірі орта дейгейде жұмыс атқару­да. Ол – заңды­лық. Басқарма  барлығын бақылауда  ұстап  отыр.


СУ  СПОРТЫН   ЖОЛҒА   ҚОЮ   ҮШІН МАМАНДЫ   АРНАЙЫ   ШАҚЫРДЫҚ


– Облыстағы ат спорты мен су спортына ерекше­ тоқталсақ. Қандай мәселе бар, қандай жаңалы­қ  болып   жатыр?

– Осыдан 6-7 жыл бұрын біздің алдымызда су спортын дамыту жобасы тұрды. Өзіміз Сырдарияның жағасында отырмыз. Облыстағы барлық­ аудандар да солай. Солай бола тұра бізде су спорты жоқ. Не істеу керек? Біз су спортын жолға қою үшін маманды арнайы шақырдық. Ол – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, білікті бапкер Мұхитдин Мейірбеков. Біз бірінші кезек­те Тасбөгетте орналасқан №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен су спорты бойынша бөлімше аштық. Алғашқыда жұмыстар  оңай болған жоқ. Ел арасында «Сталин каналы­» аталып кеткен жерде жаттығу жұмыстарын жүргізді. Базамыз болмаған соң, Шымкент, Алматы секілді қалаларға іссапарға жіберіп отырдық. Қазіргі күні жеткен жетістіктеріміз жетерлік. Ұлттық құрама мүшесі болған жерлестеріміз де бар. Осы орайда айта кету керек­, білікті маманның келуі, басшылықтың спортшылар мен бапкерге жағдай жасап беруі, барлығы бірлесіп чемпиондар шығаруымызға себеп болды. Су спортын дамытуға арналған арнайы­ бағдарламамыз бар. Сол бойынша жұмыс істейміз. Осы жайттарды аймақ басшысына, депутаттарымызға айттық, олар ескеріп, осы күні Қызылорда қаласында байдарка және каноэ есу базасы салынуда. Жылдың соңына дейін  пайдалануға  берілмек.

Ал, енді ат спортына келсек. Бұл спорт түрін 2006-2007 жылдары қолға алдық. Алғашқыда балаларды атқа отырғызу, қалай шабу, т.б. жайттар­ға бейімдедік. Одан кейін көкпарды дамыт­а бастадық. Шынын айтайын, ат мәселесі алдымыздан шықты. Өткені олар өте қымбат. Бірақ, қазақ халқының қанында бар ғой, ел арасын­ан азаматтар шығып, өз атын баптап додала­рға, спартакиадаларға қосты. Оған дейін біз өзіміздің атшабарда аптасына бір жарыс өткізіп, көкпарды дамытуға жұмыстар істедік. Команданың басы құралды. Келе-келе «Алтын күз» спартакиадасына көкпарды қостық. Әр аудан өз құрамасын жасақтады. Кейіннен ат спортына саналатын жамбы ату, аударыспақ, теңге ілуді де қостық. 2017-18 жылдары «Рухани­ жаңғыру»  бағдарламасы аясында 8 ат алдық. Ер-тоқымы бар, жамбы атуға садақтары бар дегендей.­ Құрама команда ойыншыларының басым бөлігі Жаңақорған ауданында болған соң, базан­ы сонда көшірдік. Қазір жетістігіміз жаман емес. Қызылорда спортшылары бәйге спортынан да құралақан емес. Қаладағы атшабарға жеке аттардың шабуына жағдай жасап отырмыз, өйткені бәйгеге көбіне жеке адамдар ат  қосып жатады.


ТЫҢ   ЖАРЫСТАР   ӨТКІЗУ   ТУРАЛЫ ИДЕЯ   ӨТЕ   КӨП


– Шыны керек, спорт тақырыбын жазып жүрген журналистер біздің облысымызда көп емес. Тағы десек, соңғы жылдары осы тақырып­қа  арналған кітаптардың да саны аз екенін айтуға­ тиіспіз. Жалпы, осы мәселе төңірегіндегі ойыңыз­ды­   білгіміз  келеді…

– Дұрыс айтасыз. Мен мұны қолдаймын. Кез келген адам спорт саңлақтары бойынша «кітап жазғым келеді» десе, өз тарапымнан барлық жағдайды жасайтын боламын. Спортшылардың еңбектері, жетістіктері осындай кітаптар арқылы­ тарихта қалады. Сондықтан, бұл да – насихат. «Сыр спортының өткені мен бүгінін жинақтаймын» деген жанға материалдар ұсынып­, басқа да жағынан көмектесуге дайынбыз. Жақында маған бір кісі келіп кетті. «Қызыл­орданы әлемге танытып жүрген сырбойылық спортшылар туралы жазсам деймін» деп. Мен  қолдау  білдірдім.

– Бертінге дейін спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлының бастамасымен «Бір атаның балалар­ы  доп  тебеді» атты футболдан  жарыс өтіп тұратын. Бізге де тың әрі елең еткізетіндей жарыс­тар  керек  сияқты.

– Иә, оның бәрі ойда бар. Алдағы уақытта оны жасаймыз. Ұсыныстар болса, қарап көруге болады. «Бір атаның балалары доп тебеді» деген­ отбасылық турнирде Қызылорданың намысын жаңақорғандық  отбасы  қорғады, жақсы  жетіс­тікке де жетті. Бұл турнирден хабарым бар. Мұндай тың жарыстар өткізу туралы идея өте көп. Ерекше немесе елең еткізеді деуге келмей­т­ін шығар, бірақ қаладағы өтіп жатқан әуес­қойлар лигасы туралы көптеген жақсы жаңа­лықта­рды айтуға болады. Бұқаралық спортты дамыту, халықты саламатты өмір салтын­  ұстауға шақыру жолында мұндай команд­алық жарыстарды, сайыстарды, лигаларды  көбейте  беруіміз  керек.


ҚЫЗЫЛОРДАДА  ЖОҚ   СПОРТ  ТҮРЛЕРІН   БІРТЕ-БІРТЕ   ДАМЫТЫП   КЕЛЕМІЗ


– Айтыңызшы, Қызылордада  кенжелеп  қал­ған­  спорт  түрі  бар ма?

– Ондай спорт түрі бар. Ол – үстел теннисі. Кәсіби  тұрғыда  үйрететін маман жоқ. Бірақ, бұл спорт  түрінен  бізде  мықты-мықты спорт­шылар­  болған. Қазір  білікті мамандарды тар­тып­ жатырмыз. Қызылордада жоқ спорт түр­лерін бірте-бірте дамытып келеміз. Әлгінде айтқан­ су спорты бұған мысал бола алады. Одан бөлек, «Мұз айдыны» спорт кешені ашылғалы бері қысқы спорт түрлері жолға қойылды. Көркем  гимнастика, жеңіл  атлетика, т.б. спорт түрлерін де дамытып, чемпиондар шығаруды жалғас­тырып  жатырмыз.

– Қызылордада тоғызқұмалақ пен шахмат спортының  дамуы  өте  жоғары деп айтуға бола­ды. Тіпті, әлемдік  жарыстарда  алдымызға  қара салмай келеміз. Осы орайда, «дойбы ойыны шет қалып келеді»  деген  пікір  айтылып  жатады.

– Дойбы шет қалды деп айта алмаймын. Дойбыда­н да мықты спортшылар бар. Білесіз бе, бізде  ата-аналар да, балалар да дойбыдан гөрі шахматқа қатты мән береді. Өйткені, республ­икада да, әлемде де шахматтың үлес салмағ­ы басым. Дойбыдан турнирлер көп ұйымдастырыла бермейді. Сондықтан, мұны Қызылордадағы  ғана емес, еліміздегі  жағдаймен  байланыстырған  дұрыс  шығар.

– Жақсылық  Оспанов  қандай  басшы? Ашықтық  пен  жариялылыққа  қалай  қарайсыз?

– Мен өзімді басшымын дейтін адам емес­пін. Мен осы саланы білемін, қолымнан келеді­. Сыр спортын дамытуға барлық күш-жігерімді, барлық­ мүмкіндігімді арнасам деймін. Менде тұрғындарды жеке қабылдау күні не уақыты деген­ түсінік жоқ. Спорт саласын­а қатысты кез келген мәселе не ұсыныс­, т.б. айтамын деген адамға есігім әрдайым ашық. Ал, әлеуметтік желіде көп отырмаймын. Басқарманың  атқар­ған жұмыс­тарын насихаттайтын арнайы мамандар­, парақш­алар, сайттар бар. Сондықтан, ондай­ жұмыстарды жиі бөлісуге онша жоқпын.­ Бірақ, жекеме жазған адамға жауап беремін.­

– Ашық  әңгімеңізге  көп-көп  рақмет!

Сұхбаттасқан 

Рыскелді   ЖАХМАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: