Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гагаринді ұятқа қалдырмаған ІІ Елизавета патшайым

15.04.2022, 8:20 440

HALYQLINE.KZ

1961 жылы әлемде тұңғыш ғарышкер атанған Юрий Гагариннің дүниежүзі бойынша «Бейбітшілік миссиясы» басталды. Соның бірі Ұлыбританияға сапары болды. Сол кездегі үкімет басшысы Гарольд Макмиллан «коммунист Гагаринге ешқандай құрмет көрсетпендер, оны Манчестер қаласындағы темір балқытушылар ғой шақырған және БАҚ өкілдерінің қаламы мен фотоаппараттары дайын болсын, бойынан мінін көрсету арқылы коммунистік құрылысты әшкерелеп, масқарасын шығаратын сәт келді» деп ауызша тапсырма берді.

Алайда, Ю.Гагарин ұшақтың баспалдақ-трапынан түскеннен бастап, өзінің жымиған әдемі күлкісімен бүкіл Англияны жаулап алды, әлемдегі алғашқы ғарышкер мұндай қарапайым болар ма? Жеке газеттер жарыса жазғасын, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Гагаринді түскі асқа шақырды. Қонақты қарсы алуға қандай көйлек кисем деп көп ойланды, бриллиантпен безендірген көйлек киетіндей лордтар мен герцогтарды қабылдап жатқан жоқпын ғой, Совет Одағының батыры болса да, совет ұшқышы ғой деп, қарапайым ақ көйлекті таңдады.

Түскі асқа сондай-ақ ақсүйек лордтар, герцогтар, графтар шақырылды. Гагаринді мұндай салтанатты жағдайға дайындамаған еді, ғарышқа ұшып келгеннен кейін дүниежүзілік турнирі бір айдан кейін басталып кеткен болатын. Дастарқанға отырған соң, алғашқы ұятты жағдай бірден басталды, Гагарин алдындағы салатты, арнаулы қасықпен салмай өз қасығымен салғанда ақсүйектер бір қозғалып, бір-біріне қарап қойды, оны байқаған ІІ Елизавета да өзіне де өз қасығымен салатты алдындағы тарелкасына салып алды да, дым болмағандай тілмаш арқылы сөйлесіп отыра берді. Қызықтың көкесі алда еді, лимон қосылған шәйді араластыратын қасығын алмай ішкенде ақсүйектер қауымының көзі атыздай болып кетті, патшайым оны да, білдіртпей сөйлесіп отыра берді. Ал, шәйін ішіп болып, стакан түбіндегі лимонды бас бармағы мен сұқ саусағымен алып сорғанда, ақсүйектер қақалып өліп қала жаздады. Бұл жолы да ІІ Елизавета да екі саусағымен лимонды алып аузына салды, дастарқан басындағылар да осылай істей бастады. Осылайша алып елдің патшайымы, алғашқы ғарышкерді мазаққа айналуынан құтқарып жіберді, оны Гагариннің өте қарапайымдылығы мен ашықтығы жүрегін жаулап алған болатын. Гагаринмен суретке түскісі келгенде, жеке көмекшісі протокол бойынша патшайымға ақсүйек адам еместермен фотоға түсуге болмайтынын айтқанда, Гагарин жердің адамы емес, ғарыштан келген адам деп фотоға түсті. (бірақ сол фото ақыры шықпады).

Ағылшын ақсүйектердің мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан болатын, ал Ю.Гагарин болса қарапайым тұрмысы төмен шаруа отбасынан шықты, әкесі ағаш ұстасы, анасы фермада сауыншы болды. Ғарышкер болып жерге оралғанмен, тиісті артықшылықтарды әлі көрген жоқ еді, ол кезде совет адамдарының тұрмыс жағдайы бірдей еді, лимон дегенді жаңа жыл дастарқанында ғана көре алатын еді.

Бақытжан  Абдул-Түменбаев,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: