Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіз елдің жастары және интеллектуалды ұлт

30.09.2021, 12:00 415

HALYQLINE.KZ Жалпы, жастар интеллектуалды потенциалдың негізгі әсер ететін тобы болып табылады. Сондықтанда жастық шақта шығармашылық, эвристикалық қызмет саласына барынша максималды түрде қабілетті болып табылады. Оптималды түрде еңбекке жарамды кез-келген қоғам жастар арқылы тек қана физикалық емес интеллектуалды потенциалын жүзеге асырады.

Интеллектуалды ұлт – елдің және оның азаматтарының стратегиялық қоры. Ол постиндустриалды үштіктің белсенді әрекеттестігінің негізінде – білімнің, ғылымның, инновацияның белгілі нысан ретінде пайда олады. Президент Н.Назарбаев атап өткендей, осы үш негіздік компоненттің әрекеттестігі ұлттық байлығымызды қарқынды түрде көбейтеді, тұлғаның және қоғамның рухани тұтастығын бекітеді, экономиканың модернизация үдерісін жеделдетіп және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Болашаққа қатысты жастардың пікірі бөлінген. Бірінші топ – пессимистік болашаққа деген сенімі жоқ оны «ертең не болатынын білмеймін, ертең жақсы жұмыс таба алмаймын, оқуды аяқтай алмаймын, тұрақтылық жоқ, ата – аналарға тәуелдімін себебі олардың ақшасы көп, болашаққа тек ақымақтар ғана сенеді т.б». Екінші топ – оптимистік өзінің күшіне сенеді жақындары көмектеседі: «жұмыс істеймін, денсаулығым болады, ақша болады, барлығы болады; оның барлығы тек ата – аналардан емес тікелей өзіме байланысты».

ХХ ғ. қарай бұқаралық коммуникацияның техникалық мүмкіндіктері бірнеше есе артты. Қазіргі постиндустриалды қоғам мәдениетінің оны қиын, ашық, оралымды жүйе ретінде сипаттайтын өзіндік негізгі ерекшеліктері бар. Индустриалды қоғам жұмысшы халықтың көп бөлігі өндіріс ортасында жұмыспен қамтылуындағы ақпараттық өңдеу мен ақпарат алмасудан құрылады. Онда, ашығын айтқанда, мультимедиалық құралдар мен қазіргі коммуникативті құралдардың едәуір әсерінен қалыптасқан ақпараттық революция болады. Ақпарат барлық мәдениет кеңістігіне еніп, мәдени өмірдің формалану, трансформалану және эволюция кезеңдерін тездетеді. Екіншіден, постмодерн көп параметрлі кез-келген жүйеде, әсіресе мультимедиалық жүйемен өзара байланысты көп көлемді коммуникативті байланыстардың болуымен ерекшеленеді. Мультимедиалық құралдар адамдық қызметтің көптеген орталарына кеңінен тарады- қоғамдық өмірге, ғылыми салаға, өнерге, тұрмысқа және ХХІ ғасырдың негізгі массалы ақпараттар технологиясы болды. Олар бірте-бірте кітап мәдениеті және жеке аралық қатынас мәдениетін де ығыстыруда.

Жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру үшін білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастырып, қолда бар бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға болады. Ақпараттық технологиялар қазіргі ақпараттық білім ресурстары мен танымдық әрекеттерге қол жеткізудің интерактивті ортасын жасау мақсатында қолданылып отыр. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға, жастардың танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне және ұлттық тәрбие беруге де де жағдай жасайды. Қазіргі уақытта халықтың көп бөлігі, әсіресе жастар интернетті көп қолданады. Олар кітапханалардан материал іздегеннен гөрі, интернет желісі арқылы ақпаратты жылдам әрі нақты алғанды, оқығанды, тыңдағанды қалайды. Осы себепті ұлттық тәрбие беруге қатысы бар барлық ақпараттың бұқаралық ақпараттық құралдарда, соның ішінде интернетте болуы қазіргі кезде оның танымдық және тәрбиелік жағынан тиімді болатынын көрсетіп отыр.

Интеллектуалды ұлт – дамудың басты қазынасы және құндылығы. Бұл идея мемлекеттің қолдауы арқылы жаңа мағынаға ие болуда. Мемлекеттің дамуы осылайша қажеттілігі күннен-күнге артып ең басты нәтиже болып табылады. Мемлекет осы дамудың жаңа тұрпатына ие болуы үшін оның маңыздығын жоққа шығара алмаймыз

Қуандық НАРЫМБАЕВ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы,

гуманитарлық гылымдар магистрі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: