Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоян жылы – отбасыға көп көңіл бөлетін жыл

01.01.2023, 11:00 1005

HALYQLINE.KZ​ 2023 жыл – қоян жылы. Бұл жыл – қазақ халқында көбіне қиыншылықпен, бейнетті жыл ретінде есте қалған. Адамдары өте мейірімді, кешірімді, адал болып келеді. Кемшілігі тым ерке, жалқаулау делінеді. Қоян жылы 12 циклды қытай жұлдызнамасындағы 4-орынды алады және шығыс күнтізбесіндегі ең бақыттысы саналады.

Бұл сүйкімді жануар үшін ең бастысы – отбасы, сондықтан 2023 жылы жеке қатынасқа мән беріп, туыстарыңызбен және жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізу керек. Өмірлік серігін іздеп жүргендерге Жаңа жыл жақсы мүмкіндік береді, ал қатынастағы жұптардың отбасылы болу ықтималдығы жоғары.

Қоян жылы үй мәселесінде де сәттілік әкеледі. Үйі жоқ адамдарға 2023 жылы тиімді ұсыныс түсуі мүмкін. Нәресте күтіп, сәби жоспарлап жүргендерге де бәрі оңынан болады.

Сондай-ақ, бұл жыл саяхаттауға өте қолайлы. Міндетті түрде басқа қалаларда тұратын туыстарыңызға қонаққа барыңыз. Қоян жылында жақындарыңызға деген ықыласыңыз ескеріліп, табысқа жетуіңізге ықпал етеді.

2023 жылдағы сәттілікті у-шумен және аяқасты шешім қабылдаумен «қорқытып» алуыңыз мүмкін. Жаңа жылда барлық жанжалды келісімге келу арқылы шешуге тырысқан жөн.

Қытай күнтізбесі бойынша, әр жылды өздеріне тән нақты түсі бар өз стихиясы басқарады:

Ағаш – жасыл;

Су – көк және қара;

Металл – ақ;

Жер – сары;

От – қызыл.

2023 жыл – қара су қоянының жылы. Мұндай «қара» және «су» үйлесімі 60 жылда бір рет кездеседі екен. Яғни, осыған дейін 1963 жыл – қара су қоянының жылы болған.

Халқымыз биыл қыс ерте басталғанын айтып, қатты суық болатынын болжап жатыр. Айта кетейік, 1963 жылы Алматыдан 55 шақырым жерде орналасқан Есік көлінде сел жүрген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: