Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала тұрғындары тазалықты ішкі дүниесімен сезінгені жөн

10.09.2020, 10:20 481

Әлем мемлекеттері өз халқының денсау­лығына ел бюджетінен көп қаржы бөледі. Жер бетіндегі адамдардың аурушаңдығы белең алып, ауру түрі көбейіп барады. Әлемнің белгілі денсаулық сақтау ғалымдары бас қосып, талқылап, зерттеп, ақылдасып, денсаулықтың 50 пайызы адамның өзіне, 20 пайызы тұқымқуалаушылыққа, 20 пайызы экологияға, 10 пайызы меди­ц­инаға байланысты дегенді айтты. Эколог-ғалымдар жер бетіндегі ауа мен ауызсу жыл сайын­ ластанып барады дейді. Экологияны қазақшалағанда, ауа мен ауызсуда оттегі (О2) элементінің үлесі азайды деген сөз. Оттегі тыныс алу мүшелері арқылы денеміздегі трил­лиондаған жасушаға (клетка) келеді. 70 кг адам салмағының 45 килосы оттегі, 7 килосы сутегі, 2 килосы азот, 1 килосы кальций, 860 грамы фосфор, 300 грамы күкірт, 210 грамы калий,  100 грамы натрий, 70 грамы хлор элементтері болып  кете  береді  екен.

Қалада тұрып, баспанамыз жайлы, киіміміз сәнді, тамағымыз дәмді, жүйрік көлік, мол ақша болса деп ойланып, толғанамыз. Жұтатын ауада, ішетін суда қанша оттегі бар екені қапері­мізге кірмейді. Оттегіні сақтайтын, көбейтетін жоғарғы деңгейдегі тазалық пен өсімдік дүниес­і екенін әр адам ішкі түйсігімен сезінуі қажет сияқт­ы. Ішкі күш-түйсік сезінсе, мақсат-мүдде тез орындалады. Сыртқы күш мәжбүрлеумен, бұйырумен, жазалаумен іске асырылады. Урбан­далу процесі тоқтамай, ауыл халқы қалаға көшуде. Урбаницазия екі түрлі жолмен жүреді дейді ғалым-мамандар. Қалада жұмыс қолы жетпесе, ауыл халқы қалаға тартылады. Бұл – табиғи жол. Ауылдағы шаруашылық саласын, өмір сапасын көтермесе, күнкөріс үшін қалаға көше береді. Ол реттелмесе, құрылысқа, инфрақұ­рылым жүйесіне қысым түсіреді, азық-түлік  тапшылығы  байқалады. Бұл – табиғи емес  жол.

Келешекте қаламыз мегаполис-сауда орта­лығына  айналып, 500 мыңға таяу адамға мекен болмақ. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік-сауда жолының бойындамыз. Қаламызда әсем ғимараттар салынып, жаңадан көшелер пайда болып, көркейіп келеді. Қала тазалығына көңіл бөлетін мекеме, топтар бар. Облыс, қала басшылығы тазалық пен көгалдандыруды қолға алып көмектесуде. Саялы ағаштар, әралуан гүлдер егілген.­ Сырт жерден әкелінген ағаш, бұта, гүлдер жерсінбей, көбеймей отыр. Сыр топырақ-климатына сай жергілікті ағаш, бұта, гүлдер қосымша аралас егілгені жөн. Бұл өсімдіктер ыстық-суыққа, құрғақшылыққа, суға төзімді. Су аз болса, жапырағын азайтып, су көп болса, буландыры­п өзін құтқарып қалады. Ну орманға айналып, ауада оттегі көбейеді. Көріксіз, әдемі емес, экзотикаға жатпайды деп егуден бас тартуы­ мүмкін. Шетелдегідей бұтап, кесіп, әртүрлі формада бейне жасап, мәдениеттендіруге болады. Бізге өсімдіктер дүниесі, оттегі керек емес пе?

Коронавирус адамзат баласын қайғы-мұң, дерт-үрейге, күйзеліске салды. Сырқат кісіге ауа жетпей, оттегі баллондарын жинап жатырмыз. Ауылда Сақтап Ағыбаев тамшылатып суару әдісімен жылда картоп егеді. Тұрғындар егіс алдындағы бау-бақшасын тамшылатып суару технологиясын меңгеріп, үйренсе деймін. Қаланың­ сол жағалауында құрылыстар салынып, шағын аудандар бой көтеруде. Сол жағалау­ таяу жылдары жасыл желекке айналуға тиіс.

Машрап  БАЛПАНОВ,

зейнеткер-агроном,

Қызылорда  қаласы,

Айнакөл  ауылы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: