Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзен суы нашарлап барады

18.02.2021, 15:00 390

Halyqline.kz Жыл сайын жерүсті суының жай-күйіне мониторинг 143 су объектілерінде, оның ішінде 93 өзенде, 31 көлде, 15 су қоймасында, 3 арнада және 1 теңізде жүзеге асырылады, – деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

— Сырдария (Түркістан облысы), Егінсу, Қатта-Бөген өзендерінің су сапасының нашарлауы байқалады. Аталған фактілер бойынша Экологиялық реттеу және бақылау комитеті аталған су айдындарына сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын кәсіпорындарға тексеру жүргізуі қажет, – деп атап өтті ҚР Экология және геология вице-министрі А.Пірімқұлов Үкімет отырысында.

Вице-министрдің айтуынша, республика бойынша эмиссиялар көлемін талдау 2019 жылмен салыстырғанда ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің лимиттері тиісінше 20 мың тоннаға және 14 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді. Қалдықтарды орналастыру бойынша 3,6%-ға өсу байқалады, бұл экономика салаларының даму серпініне, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттарының ұлғаюына және жаңа кәсіпорындардың пайдалануға берілуіне байланысты.

Министрліктің 2020 жылға арналған стратегиялық көрсеткіштері орындалды, нақты шығарындылар 2,57 млн тоннаны, төгінділер 1,1 млн тоннаны құрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: