Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балаларымызды кімнен қорғаймыз, кім қорғайды?

21.01.2021, 10:00 242 0

Қоғам қайта дүрлікті. Бұл жолы сайлаудың сайраны емес, қабылданғалы жатқа­н жаңа заң дүйім жұрттың ызасына тиюде. «Онсызда ұмыт болып бара жатқа­н дала дәстүрінің бар жауһарынан айырылып қалатындай түріміз бар» дейді білетіндер. Жаңа заңға сүйенсек, балаңды еркін жұмсамақ түгілі, артық сөз айтуың­а болмайды. Осындайда Жүсіп Баласағұнның «қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» деген тәмсілін еріксіз есіңе түсіресің. Бір жағынан қарасақ, бұл – әлемдік «жаһанданған» елдер талап ететін «зайырлы» заң. Адам құқығын алдынғы орынға қоятын дамыған мемлекеттер біздің бұл бастамам­ызды қос қолдап қолдайтыны анық. Алайда бұл «баланы жастан» деген өсиетпен өскен қара қазан жанындағы сары баланың өмір салтына қаншалықты келеді? Жалпы, ұлт ретіндегі болмысымызға кесірін тигізе ме әлде кезекті қағаз жүзінде ғана іске асатын заңдар қатарына ене ме?

Жоғарыда айтқандай, бұл заң еуро­палық елдер үшін таңсық емес. «Балам кәмелетке толмайынша қандай жыныста екенін айтпаймын, өзі шешеді» деп жүргендері де бар арасында. Және олардың «заманауи» көзқарасы қай заманда да осылай ерекшеленіп отырған. Оны Әлихан Бөкейханұлының кей сөзінен анық байқауға болады. Өз заманының зиялысы­ «Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ» деген­ екен. Бұл жазбаларды оқып, «бізде сол хайуандық сапарға аттанып бара жатқа­н жоқпыз  ба?»  деген  сұрақ санаң­ды­ жаулап алады. Қош, заңға қайта оралайық.­

Ошақ қасында берілетін тәрбие, келешек ел қорғандарын қорғауға арналған «Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы» заңға енгізілген бірнеше баптар қоғамның талқысына түсіп, әлеуметтік желі белсенділері арасында үлкен наразылық тудыруда. Баланың ес біліп, аяққа тұрамын­  дегенше ата-ана бар қажет­тілігін өтеуге, моральдік, материалдық жағдаймен қамтамасыз етуге міндетті. Дәл осы балаға дауыс көтерсеңіз, пси­хологиялық қысым жасасаңыз, баланы заңда көрсе­тілгендей жағдайда қарауға құлқыңыз жетпесе, ата-анадан бала тарты­п алынып, арнаулы дағдарыс орындар­ында, жеке орындарда тәрбиелеу туралы заң баптарына толықтырулар енгізі­лген. Тарих сахнасынан белгілі, бала туғаннан шілдехана, қырқынан шығару­, тұсаукесер, сүндет той секілді қазақи һәм мұсылманша жөн-жорал­ғылардан айырылып қаламыз деген ойтүрткі ел белсенділерінің арасында ең бірінші  орында  тұр.

Ақын-айтыскерлер, ел жанашырлары, заңгерлер мен әлеуметтік желі белсенділері арасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған үндеу жария­лануда. Айтыскер ақын Балғымбек Имашов та өзінің әлеуметтік желіде жарық көрген Президентке арналған үндеуінде «…Кілемді ұру – оны жазалау үшін емес, шаңын тазалау үшін, Балаға ұрысу – оны бұрыстығын айыптау үшін емес, дұрыстыққа лайықтау үшін. Отбасына қолды салғаны – Отанымызға отыз жыл бомба жарғаннан жаман жаулық! Мен  айтыскер ақын ретінде  өз отбасымның баянды бақыт­ы, өз Отанымның берекелі болаш­ағы үшін бұл заңды кері қайтарып, күн тәртібі түгілі, мүлдем жыл тәртібінен, тіпті, Парламент тарихынан алып тас­тауды өтініп сұраймын!» дейді.

2020 жылы қыркүйек айының 23-і күні Мәжілісте мақұлданған «Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы» заң жоба­сына орай өз пікірін білдірген Мәжіліс Төрағасы: «Жасыратыны жоқ, соңғы кезде елімізде тұрмыстық даулар көрсеткіші өсіп отыр. Шын мәнінде, кез келген дамыған елде, әрине, оған жол беруге болмайды. Сондықтан, тікелей, Президент­тің тапсырмасына сәйкес, біздің депутаттар бастамашы болып, осы Заң жобасын әзірледі. Осы құжаттағы жаңа нормалар бүкіл ел болып, халық болып, қоғам болып отбасындағы жанжалға қарсы күресуге мүмкіндік береді. Бұл – халқымыздың денсаулығы, өмірі және балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды мәселе, өте маңызды заң», – деді.

Расында елімізде соңғы  жылдары 2481 әйел, 851 бала зорланған, қорлыққа төзбеген 742 әйел, 175 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Шындығы сол, карантин кезінде бұл статистика көбейе түсті, себебі әлеуметтік желілерде жан­түршігерлік бейнелер жариялана бас­тады.  «Тиран  әке»,  «Агрессивті  ана»…

Бұл жағдайға жеткізетін – жұмыссыздық пен отбасы құндылықтарының жойылу­ы. Баланы интернет тәрбиелеген заманда дәл осындай бейнелер үйрен­шік­ті, құлаққа түрпідей тимейтін жаңалық болып барады. Міне, заң жобасындағы баптар дәл осы статистикаға, бейнеге құрылғандай. «Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді» деген жазушы Ғабит Мүсірепов.

Баламызды ертеңіміз деп білсек, өзімізден бастау алатын сол тәрбиені де ұмытпайық!  Адамгершілік, сыйластық, отбасына   деген   сүйіспеншілік   бәрі-бәрі – мақала басында айтқан ел жанашырлары көтерген сіз бен бізге үндеуі. Бар асыл қасиет біздің жүрегімізде ұя салып,­ көктесе, бұндай заң жобалары қолға алынбас та еді!

Нұрай  ӘБДУӘЛИ,

Қорқыт  ата  атындағы  ҚУ-дың

4-курс  студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: