Республикалық «Халық» газетінің әрі облыстық «Сыр бойы» газетінің Қазалы мен Арал аудандарындағы меншікті тілшісі, ардагер журналист Жұмабек Айдарбекұлы Табынбаев қайтыс болды.
Марқұм 1962 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді, мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті. Журналистика саласында 22 жыл еңбек еткен қаламгер поэзия мен проза жанрларында да қалам тербеп, «Өмір – керуен», «Соғыс туралы шындық», «Жадымдасың, жарқын бейне», «Қара кемпір», «Мен қайта оралдым» атты кітаптарын оқырманға ұсынған.
Жұмабек Табынбаевтың есімі Қазалы мен Арал өңірінің журналистика тарихында мәңгі қалады.
«Халық» газеті мен Halyqline.kz сайтының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Туған-туыс, әріптестеріне Алла тағаладан сабыр тілейміз. Топырағы торқа, жаны жәннатта болсын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!