Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғандық тәрбиешілер 4 айдан бері жалақы алмапты

14.10.2020, 8:45 376 0

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданында жалақысын ала алмай жүрген бір топ жекеменшік балабақша қызметкерлері жанайқайын жеткізді. Олар еңбекақыларын даулап, әкімдік табалдырығын тоздырғандарына осымен үш ай болған деп хабарлайды Астана арнасы.

Әкімдік алдына жиналған балабақша қызметкерлері маңдай терімен тапқан адал еңбекақысын талап еткен. Қатаң карантин кезінде Жаңақорған тәрбиешілері күнде болмаса да ара-тұра жұмысқа шығып тұрған. Ал жалақыларын толық алулары тиіс болған.

Алайда төрт ай өтсе де, тәрбиешілер әлі күнге дейін тиісті айлықтарын алмаған. Басшылық болса, «Мемлекеттік қолдау-қаржы кешікті», деп ақталған.

Тәрбиешілер жеке бастарында несиенің барын айтып, оның үстіне бала-шағаны асырау керегін, келе жатқан қыс мезгіліне отын, көмір дайындауы керек екен еске салды. Жиналғандардың сөзінше, олар аудан әкімімен де кездескен.

«Аудандық әкімге жолықтық, кешегі аптаның ішінде. Ол кісі бір аптаға создырмаймын, 2-3 күннің ішінде шешіп беремін деді. Бірақ мәселе шешілмеді. Біз айлығымызды, ақшамызды 100 пайыз беруді талап етеміз», – дейді Сунақата ауылдық округіндегі «Әлинұр-С» балабақшасының меңгерушісі Гүлдариға Бейсенбаева.

Негізі Жаңақорған ауданында 80-ге тарта балабақша бар. Басым көпшілігі жалақысын уақытылы алып отыр. Еңбекақы дауы 22 бөбекжайда туындаған. Бұған қатысты аудандық әкімдік пікір білдірді.

«Әрбір кент, ауылдық округтің әкімдері-  әкімшілік бағдарламашылар. Яғни солар балабақшаға тапсырыс береді, төлемдерінің барлығын солар төлейді. Карантин кезіндегі төлеу туралы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы министрлігімен бірлескен бұйрығы келісілді деген ақпарат алып отырмыз», – дейді Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев.

Аталған дауға прокурорлар араласты. Олар кәсіпкерлердің құқықтары бұзылғандығын растап отыр. Айыптыларды тәртіптік жауапқа тарту керек деп, әкімдікке ұсыныс та берілген көрінеді.

«Құықтарын қалпына келтіру мақсатында аудан әкіміне ұсыныс бердік. Заңбұзушылықты жою, бюджет төленуге тиіс қаржыны есептеп, балабақшаларға төлеу. Сосын сол қаржының дер кезінде төленуіне ықпал жасамаған тиісті лауазым иелерінің тәртіптік жауапкершілігін қарау. Кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес біз олардың құқығын шектемеуіміз керек», – дейді Жаңақорған ауданының прокуроры Дарын Әбіш.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: