Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт

25.12.2023, 15:30 219

HALYQLINE.KZ

Бүгін қаладағы Оқушылар сарайында шаһар басшысының балғын бүлдіршіндерге арналған жаңажылдық шыршасы өтті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ғажайып мереке биылғы жылы «Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар сарайы бүлдіршіндер үшін жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып ертегілер мекеніне айналды.

Жаңажылдық мерекелік іс-шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 100 бала қатысты.

Жаңажылдық шырша салтанаты оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген қойылымымен басталды. Қызықты кешке жиналған балалар жаңажылдық шыршаның басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерін көрсетіп, керемет сыйлықтарға ие болды.

Мерекелік іс-шарада қала әкімі Асылбек Шаменов: «Айналайын бүлдіршіндер! Шаһарымыздың өздеріңдей білімді де талапты жастары әлемнің ең озық оқу орындарында білім алуда, спорт саласында биік белестерді бағындырып, чемпион атануда, басқа да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, Сыр елінің абыройын көтеруде. Сол аға-әпкелеріңнен үлгі алып, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Жаңа жыл өздеріңе де, сендерді мәпелеп өсіріп отырған ата-аналарыңа да тек жақсылық әкелсін», – деген жүрек жарды лебізін жеткізді. Сонымен қатар, шаһар басшысы балаларға сыйлықтар табыстап, арнайы әзірленген жаңажылдық тортты үлестірді. Бүлдіршіндер мерекелік дастарқаннан дәм татып, жаңа 2024 жылға ерекше көңіл күймен қадам басты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: