Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық зияткерлер бейнероликтер байқауында жүзден жүйрік шықты

17.02.2023, 12:12 183

Шымкент қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Бірге оқиық» атты бейнероликтер байқауында Сыр өңіріндегі NIS-тің екі бірдей оқушысы жүлделі орынды иемденді.

Readx жобасы аясында өткізілген додаға еліміздің барлық Зияткерлік мектептердің кітап оқырмандары қатысты.
Оқушылар сүйікті шығармалары мен авторы туралы қызықты деректерді қамтитын мазмұнды ақпаратты бейнероликтерімен бөлісті. Байқау қорытындысы бойынша Қызылордадағы NIS-тің 9-сынып білім алушысы Мұхаммед Нағашыбайдың (жетекшісі педагог-куратор Ақбота Жұмабаева) «3 минутта 1 кітап» форматында түсірілген креативті жұмысы І орынға лайықты деп танылды.

«Мен қазақ халқының мұңы мен азабын арқалаған белгілі жазушы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасы туралы баяндап бердім. Шығармада Семей полигонының зардабын тартып, мәңгілік мүгедек болған жан Ләйләнің жанайқайы, адамдардың қатыгездігі маған қатты әсер етті. Әңгімені оқу барысында Семей полигонына қатысты мәліметтермен таныстым, осы шығарма желісінде түсірілген «Қыз жылаған» фильмін көрдім. Бұл бейнеролик арқылы мүгедек жандарды қоғамнан шеттетпей, кемсітпей, қабылдауымыз қажет екендігін ұғындыру, қай кезде болмасын, адам баласына мейірім мен махаббат, қолдау керек екендігін жеткізгім келді», – дейді жеңімпаз.

Ал, 9-сынып оқушысы Нұрсила Әмірбекқызы (жетекшісі педагог-куратор Мархаббат Раманқұлова) ұлы Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы «Ескендір» поэмасына талдау жасады. Поэма мазмұнына ерекше шеберлікпен талдау жасаған ол жүлделі ІІ орынмен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: