Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордадағы NIS: 75 түлек қанат қақты

01.06.2023, 17:10 255

2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде салтанатты шара өтті.

Биылғы соңғы қоңыраудың  үні ерекше. Себебі осыдан 10 жыл бұрын мектеп тарихында алғашқы оқу жылы басталып,  бүгінгі күнге дейін мыңға жуық түлек бітірді. Осы жылы тағы 75 шәкірт алтын ұямен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты.

Салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөз алған мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов мектептің жыл бойына жеткен жетістіктерін атап өтіп, барлық жас зияткерлерге сәт сапар тіледі.

Мектептің 10 жылдығы және NIS-тің 15 жылдық мерейтойларына орайластырылған шарада білім, ғылым, спорт, өнер жұлдыздарының шеруі ұйымдастырылып, жыл үздіктері ұлықталды. Сонымен қатар академиялық жоғары көрсеткіштерге ие болып, қоғамдық жұмыстарда ерекше белсенділігімен көзге түскен «Алаш» Шаңырағы үздік атанды.

Мерекенің басты кейіпкерлері – түлектер ізбасарларына мектеп құндылықтары мен жобаларын тапсырып, ақжолтай тілектерін арнады. Ал озат оқушы, халықаралық домбырашылар байқауының лауреаты,  неміс тілінің білгірі Майя Жалғасбаева өзін-өзі басқару ұйымының президенті Әсем Табынбайға Білім кілтін табыстады. Білім мен тәрбие берген ұстаздарына деген риясыз алғыстарын түлектер ән арқылы жеткізіп, құрбы-достарымен қоштасу вальсінде биледі.

Салтанатты шарадан соң 12-сынып оқушылары барлық мектеп қызметкерлеріне арнап концерт ұйымдастырып, қуаныш пен қимастық сезімдерге толы көңіл күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: