Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ қызы қайда кеткен?

12.12.2020, 15:00 3564

Отбасы ағашы

Отбасы тап бір ағаш секілді шын,

Ағаштан елге пайда тиеді тың.

Ата-ана тамыры ғой сол ағаштың,

Тамырдан өркен жаяр келешек шың.

Берілер тәрбиеміз тал бесіктен,

Жемісін егініңнің көр кешікпей.

Бұтағы түзу өссін десең елім,

Арамшөбін тазала уақыты өтпей.

Жел тұрмай шөптің басы қимылдамас,

Ұрыс дейтін құрт түседі тамырға рас.

Сабырменен, ақылменен шешкен дұрыс,

Асығыспен жасап жүрмей ағашқа қас.

Тіршілігін тоқтатпасын тау менен тас,

Көбейіп өсе берсін көшеттер жас.

Ағашымыз аман болып, тату болып,

Өне берсін тамыр жайып мал менен бас.


«Қазақ қызы қайда кеткен?»

(қысқаша жыр)

Сайын далам жыр тарихтан сыр шерткен,

Құндылығы бозторғайдай салған ән.

Тәуелсіздік тұғырына қол жетіп,

Абыройы ақ сұңқардай самғаған.

Ұл мен қызы арын сақтап жүретін,

Қазақ болып туғаныма қуанам.

Жігіті бар тепсе темір үзетін,

Қыздары бар құралайдай шалқыған.

Қыз дегенің қызғалдақ ғой қырдағы,

Ата-бабам қыздың арын қорғаған.

Гүл орнына тікенектер өсе ме?

Абыройын қызғалдақтың қорлаған.

Шаша алмаспын топырақты көпке де,

Айтпасыма көнбей қойды жан санам.

Қай ел болсын, қазақ қызы алайда,

Мұндай сұмдық біздің елде болмаған.

Кимешекпен, орамалмен жүретін,

Бұрымына шашбау, шолпы жалғаған.

Қыз Жібек пен Баяндардай иманды,

Қазақ қызы қайда екен деп арланам!

Ер болған соң айтатындай жөнім бар,

Тыңдап ойлан айтқанымды еспенен.

Жас қыздарға үлгі болсын өлеңім,

Әйел болсаң, мейлі, қара, есті сен.

Ата-бабам елдің дауын шешсе де,

Жұрт алдында іш киімін шешпеген.

Жығып қойып өгіз мұрнын тезсе де,

Шұрық қылып әрбір жерін теспеген.

Түнде шығып, жарқанат боп жүрмеген,

Айналысқан өрнек, ою, кестемен.

Ердің мінін жуып, шайып жүрсе де,

Түнделетіп шашын жайып кезбеген.

Кешегілер қамыр жайып кессе де,

Беті-қолын сезім үшін кеспеген.

Ел мен елді табыстырып жүрсе де,

Жабыстырып жыртық шалбар кимеген.

Табандары жайнамазға тисе де,

Шетелдіктің жігітіне тимеген.

Баласының  маңдайынан  сүйсе де,

Шетелдікке еліктеуді сүймеген.

Бәрін қойып, бірін айтып түйіндесем,

Өлгеннен соң  отты көрсең, не істер ең?

Нұрхан АБДРАЗАХ,

№7 Ғ.Мұратбаев атындағы ЖОМ,

Түркістан облысы,

Жетекшісі – Ақмарал Қайруллаева

Пікірлер:
  • ҚАЗАҚ ЖІГІТ ҚАЗІР ҚАЙДАСЫҢ?

    Қазағым қайран жұртым,
    Сақтаған салтын ғұрпын.
    Қалдырған терең тарих,
    Қаптаған айран құртын .

    Сын айтумен,мін тағып,
    Қазақ қызын сынадың.
    Сынға ілігіп,қамығып,
    Намыс кернеп біз құладық.

    Бұл күнде қайда қазақ,
    Қайда батыр жігіттер.
    Елестеткен батырлар,
    Сағым болды кенеттен.

    Шаш бояған,сырға тағып,
    Қыз құсаған бет әрлеп.
    Сылаңданып,паңданып,
    Тик токта жүр би билеп.

    Ата бабам татпаған да қатпаған,
    Намысын ашшы суға сатпаған.
    Көріп жүрміз боз баланың қолынан,
    Шылымын құмарына бабтаған.

    Арзан сөзге көп құмар,
    Өсек десе бет бұрар.
    Майдаланып барасың,
    Қазақ жігіт қыз құмар.

    Сол күнде қыздың арын ойлаған,
    Ашық кисе ескертпелеп қоймаған.
    Әр қызды қарындасым деп санап,
    Жігіттік құндылығын жоймаған.

    Қыз таңдаса ішкі жанын сыйлаған,
    Құреті мен ізетіне таңданған.
    Тәрбие мен біліміне мән беріп,
    Иманды нұр жүзіне қараған.
    Қыз да соған сай болған.

    Бұл күнде қыздың соңын аңдыған,
    Ашық кисе қошеметтеп қолдаған.
    Арзан күлкі,бос сөздермен миын улап,
    Жігіттік құндылығын жоғалтқан.

    Қыз таңдаса ішкі жанын көрмеген,
    Сыр сымбатын бояуымен өлшеген .
    Киімі мен жүрісіне мән беріп,
    Иманына жөнді көңіл бөлмеген.
    Қызда соған өзін баптап салаған.

    Әрине ауыр сын,
    Болып жатқан дау бұл шын.
    Алдын алар ешкім жоқ.
    Төмендеді заман мен құн.

    Автор:Абай Інжу 10а-сынып

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: