Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қамбаш құшағында жазғы демалыс басталды

02.06.2026, 11:50 59

HALYQLINE.KZ

Кеше Арал ауданындағы балалардың сүйікті демалыс орындарының бірі – «Қамбаш» тынығу лагері алғашқы ауысымдағы тынығушыларын қарсы алды. Жазғы демалысты асыға күткен 130 бала лагерьдің бірінші легімен тынығуға жол тартып, қызықты сәттер мен жарқын әсерге толы күндерді бастады. Бұл туралы Арал ауданының білім бөлімі ақпарат таратты.

Табиғаты ерекше Қамбаш көлінің жағасында орналасқан лагерьде балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалуына барлық жағдай қарастырылған. Демалушылар үшін танымдық кездесулер, мәдени-рухани іс-шаралар, шығармашылық байқаулар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылып, олардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге басымдық беріледі.

Жазғы маусымда 7 ауысым бойынша 832 бала аудан мектептерінен жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен тынығумен қамтылып, жаздың шуақты күндерін әсерлі әрі пайдалы өткізетін болады.

Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйіне бөленген Қамбаш өңірі тағы бір жазғы маусымның шымылдығын түрді. Бұл демалыс күндері әрбір балаға жаңа достар тауып, қызықты естеліктер жинақтауға, уақытын тиімді өткізуге мол мүмкіндік сыйлайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: