Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушылар жазғы демалысты қалай өткізуі керек?

06.06.2022, 12:20 875

HALYQLINE.KZ Оқу жылының аяқталғанына – бір апта. Жазғы демалыс – физиологиялық, сана-сезім, даму, жетілу кезеңі. 3 ай демалысты күткен оқушылар қайда демалып жүр? Мысалы, ата мен әженің тәрбиесі, лагерь, т.б. Бастауыш және мектепалды даярлық сыныптары үшін бұл уақыт жаңа дүниетаным, басқалай көзқарас қалыптасады. Үйреншікті сабақ тіршілігінен босатылады. Сондықтан, бұл бос уақытты тиімді, ақыл-ой тынықтыраты, балалардың дене бітімін шынықтыру мәселесімен бірге, түрлі бағыттағы іс-шара өткізу арқылы тәрбиелеу маңызды. Осыған орай, №101 Әли Мүсілімов атындағы мектеп-лицейінің Тәрбие ісі және орынбасары Гүлзира Төлеуова балаларға ең дұрысы жазғы лагерь дейді-мыс.

– Біздің мектепте жаңадан лагерь ашылып жатыр. Қазіргі уақытқа дейін лагерьге 80 бала тіркелген болатын. Балаларды қатты қинамау үшін, азаңғы 08:30-нан түскі 13:00-ге дейін ғана болады. Бұл мектептік лагерь болғандықтан, бізде жатып, ұйықтайтын жер жоқ. Демалыс орны тек сергіту сәтімен бітіп қана қоймай, балалар дәстүрлі ойындармен, бимен, домбыра тартумен және де қазіргі заманға сай робототехникамен де айналыса алады, – дейді ол.

«Оқушылар жазғы демалысты қалай өткізуі керек?» деген сауалға №264 Тәкей Есетов атындағы мектеп-лицейі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гулжанар Бексеитова да пікір білдірді.

«Білесіздер, биылғы оқу жылында эпидемиялық ахуалға байланысты қашықтықтан білім алды. Онлайн форматта білім беру мен оқудың жөн-жосығын ұстаздар мен оқушылар жақсы біледі. Осыған орай, қазіргі таңда жазғы уақытта білім беру сапасын арттыру үшін және шектеу шараларын кезінде жіберген оқулықтың орнын толтыру үшін жазғы мектеп ұйымдастырылды. Бұл бала уақытын тиімді пайдалану үшін таптырмас мүмкіндік. Бір айтатын нәрсе, бұны өткізу қосымша қаржыны немесе баладан талап етілмейді.

Оқу қызықты форматта, арнайы үлгілі жоспар стандартына қарай, баланың деңгейіне қарай, бастауыш буын, орта, жоғарғы буын деңгейлеріне қарай бөлінеді».

Сондай-ақ, «Лагерь жақсы болғанымен, балалардың ата-анасымен де қыдырғаны дұрыс» деп есептейді Гулжанар Бексеитова.

– Әсіресе орта буын мен бастауыш топтарға сабақтан бөлек, музей, қалалық парк, небір қызықты жерлерге қыдырту, таза ауада жүргізу, әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Ал жоғарғы сыныптарға Ұлттық Бірыңғай Тестілеу базасы білім сапасын көтеру алдыңғы орынға қойылып жатқандықтан, және де жоғарғы оқуға грантқа дайындық болады. Балалар жазғы демалысты тек ойнауға, қыдыруға, демалуға деп түсінеді, бірақ қазіргі кезде балдарды пайдалы іске, кәсіби жұмыс баулу дұрыс деп ойлаймын. Егер мүмкіндігі болып жатса, ауылдағы туысқандарына жіберіп, баланың денсаулығына көңіл бөлгеніміз де дұрыс, өйткені ауылда аттармен, ауылдың тұрмыс-тіршілігімен танысып, өсіпжетілу керек. Өзімнің ойымша, баланың жазғы демалысы ата-анамен уақыт өткізу керек. Себебі, қазіргі қоғамда ата-ана баланың болашағына, ой-пікірімен бөлісіп, алдағы мақсаттарымен пікір алмасу керек. Баланың келешек бейіміне назар аударса, болашақ жастардың қолында. Сондықтан, қайта оралмас уақытын керемет естелікпен өткізгені балаға да, ата-анаға да тиімді деп ойлаймын, – дейді ол.

Кейбір бала жазғы демалысын түрлі ізденулермен болашағына пайдалы болатындай нәрселерді меңгеріп, үйреніп мәнді өткізсе, өкінішке қарай, кейбірі текке өткізіп алады. Ал, бұлардың бәріне мән беріп, қадағалап отырар болсаңыз, оң нәтижесін берері белгілі. Балаңыз жазғы демалысты тек демалу, ойнау, қыдыру үшін асыға күтеді деп ойламаңыз, сонымен қатар, ата-анасы мен әңгіме айтып, қасында көбірек болуды қалайды. Мейілінше балаға көңіл бөліп, уақыттарыңызды бірге өткізуге тырысыңыз.

Аружан СЕРІКҚЫЗЫ,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: