Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушылар қарттар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді

29.03.2023, 11:20 240

Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектеп оқушылары, ата-аналары және ұстаздары аймағымыздағы Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде болып, қайырымдылық акциясын өткізді.

«Алаш» және «Бұхарбай батыр» шаңырақ белсенділері интернат тұрғындарына мерекелік концерттік бағдарлама әзірледі. Мектептің өнерпаздары ұлттық би мен патриоттық әндер орындаса, аспаптар ансамблі қазақтың күмбірлеген қара домбырасында күй ойнап, тыңдармандарға жырдан алқа тақты.

Бүгінде медициналық-әлеуметтік мекемеде 179 адам, оның ішінде 71 мүмкіндігі шектеулі жан мен 99 қарт тұрмыстық, медициналық және әлеуметтік көмек алып жатыр. Концертке келген ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар оқушылармен бірге сүйікті әндерін шырқап, көңілдерін көтерді.

Концерт соңында ұйымдастырушылар асыл қазынамыз – қарттарды көктем мерекесімен құттықтап, кесте тоқу, тоқыма жасау және ағашпен жұмыс жасауға қажетті құрал-саймандарды сыйға тартты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: