Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дүниежүзілік балалар күні: балаларға арналған өмір»

20.11.2023, 17:25 245

HALYQLINE.KZ

Жыл сайын 20 қарашада бүкіл әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Атаулы мереке 1954 жылдан бастап дәстүрлі мерекелер тізіміне енген. Cодан бері 69 жыл көлемінде бұл мереке маңызын жойған емес. Мерекеге орай, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 15-25 қарашада «Дүниежүзілік балалар күні: балаларға арналған өмір» атты республикалық онкүндік өтуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қали Бектұр баяндады.

– Аталған онкүндікке білім беру ұйымдарының оқушылары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Балалық шақтың өзекті мәселелерін барынша қамту үшін Дүниежүзілік балалар күніне «Балалық шақты бірге қорғайық», «Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі», «Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!» атты танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар қамтылған, – деді Қали Асанханұлы.

Қазақта «Бала – бауыр етің» деген қасиетті сөз бар. Осы орайда бала құқығын қорғауда бұл мерекенің маңызы зор.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: