Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұрынғы мейрамхана қазір отбасылық демалыс орталығына айналды

06.12.2021, 10:00 363

HALYQLINE.KZ Пандемия кезеңінде той-томалақтар мен мерекелік жиындар азайып, қаладағы кафе мен тойханалардың біразы қызметін тоқтатқаны мәлім. Дегенмен, кейбіреулері заман талабына сай қызметін ауыстырып, шағын отбасылық демалыс ойын-сауық орталық болып қайта бағытталды.

Олардың бірі – қала орталығында орналасқан «Иманбаева» ЖК атындағы «Ханшатыр» мейрамханасы. Көпшілік демалыс орындарының жұмысы шектелген соң нысан санитарлық тазалық талаптарын сақтай отыра, шағын отбасылық іс-шараларды өткізуге және демалыс күндері бос уақытты көңілді өткізу бағытында қызмет көрсете бастады. Шілде айында ғимарат ішінде реконструкция жұмыстарын жүргізіп, балалар ойын алаңы мен қажетті құрал-жабдықтарды орнатқан болатын. Осылайша қала тұрғындарына демалыс күндері сақтық шараларын сақтай отыра, бой сергітіп, көңіл көтеруге жағдай жасады.

Сондай-ақ, мейрамхана иелері қайырымдылық көмек көрсету мақсатында ай сайын бір-екі күн арнайы жетім балалармен көмекке мұқтаж отбасылар үшін тегін қызмет көрсетуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: