Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Білікті маман – ұлт болашағы»

07.01.2023, 18:06 709

Білікті маман – ұлт болашағы дегеніміз не? Алдымен адам дүниеге келеді, содан соң ата-анасының білімін алып, мектеп табалдырығын аттайды. Үлкен өмірге аяқ басып, адамдарға көмек көрсете бастайды. Осылай әр нәрсе өз орнымен басталып, мамандық таңдауға кіріседі. Мамандық таңдау үлкен іс. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, ата-анамыздың ақыл-кеңесімен, жүрегіміз қалаған істі таңдауымыз қажет. Осы орайда, айтқым келгені болашақ ұрпақтың білімді болуына себепкер біз бола аламыз!


Қоғам жас ұрпақ үшін барлығын жасауда. Осы өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміз білім алып, дамыса, болашақтары жарқын болады, ғаламды көркейтеді деп сенеді. Біз осы артылған ақ адал сенімді ақтай білуіміз керек деп ойлаймын.


Қазіргі таңда барлығына білім керек, білімің болмаса сенің пікіріңмен ешкім санаса қоймайды. Адам өзі жақсы көретін ісімен айналысса, ол ешқашан жалықпайды. «Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы» демекші білімді кітаптан аласың, ал сол алған білімің өмір бойы сенімен жүреді. Сол білімімізбен мамандық таңдауда қателеспегеніміз жөн. Сонда ғана Отанымыздың мақтан тұтар азамат, азаматшасы бола алатынымыз анық.


Жанерке Жұманазар,
№264 орта мектептің
8-сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: