Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бар мейірім балаларға арналды

31.05.2022, 11:00 861

HALYQLINE.KZ «Тең қоғам» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы мамандарының ұйымдастыруымен, «POOMBA FAMILY» отбасылық мейрамханасында халық көп шоғырланатын орын ретінде, балаларды қорғау мен балалардың денсаулығын нығайту және сақтауда мүдделі тараптардың ақпарат алуын, өз денсаулықтарына жауапты қарым-қатынасты арттыру, денсаулық сақтауға дағдыландыруға бағытталған салтанатты балалар мерекесі өтті.

Кең ауқымды салтанатты балалар мерекесіне Қызылорда қаласының әкімдігі, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, мүгедектігі бар балалар мен ата-аналары қатысты.

Аталған мерекеде Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбайқызына берілді. Мерекелік іс-шарада «Ерекше балаларға» арналған арнайы сыйлықтар табыс етілді. Балаларға арналған «KIDS ROOM» ойын-сауық орталығы аниматорларының шоу-бағдарламасы тамашаланды.

Мерекелік іс-шараны «Тең қоғам» орталығының жетекшісі Мария Жарекешова қорытындылады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялады.

«Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп атап өткен еді президент.

Аружан СЕРІКОВА,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: