Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

02.06.2021, 14:30 434

HALYQLINE.KZ Бүгін «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығында «Біз – өмірдің гүліміз» атты мерекелік шара өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың бүлдіршіндеріне игі тілегін жеткізді.

Мұнан соң «Петро Қазақстан» компаниясының вице-президенті Болат Көшербаев шапағаттық балаларды мерекемен құттықтап, орталықтың қызметкерлеріне тынымсыз еңбектері үшін алғысын айтты.

Мерекелік шарада орталықтың тәрбиеленушілері ән айтып, би биледі. Сондай-ақ, орталықтағы «Қуыршақтар» театрының мүшелері «Шалқан» ертегісінің желісі бойынша қойылым көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұл үйірме 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Балалар күніне арналған шараны «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығының директоры Шынар Жеңсікбаева қорытындылап, 20 жылдан бері орталыққа қол ұшын созып келе жатқан «Петро Қазақстан» компаниясына алғысын жеткізді.

Мерекелік шара соңында «Петро Қазақстан» компаниясы мен аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың сыйлықтары балаларға тарту етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: