Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Артист болуды армандаймын

11.01.2024, 10:20 170

Бек Жылқыбаевтың «Біз актёрмыз, Өмір – кино, тым қысқа…» деп басталатын өлең жолдары осы өмірдің драма мен трагедиаға толы сахна екенін суреттейді. Суреттелген тағдыр иесі – басты кейіпкер. Ол – біз. «Ту ішіне ту тіккен» дегендей, өмір ішінде де өмір бар. Тағдыр ішінде толғаулы тағдыр жатыр. Бұл сөзіммен театр сахнасындағы тіршілік жайлы айт­қым  келді.

Мектеп қабырғасына аяқ басқалы түрлі салада мықты маман болуды армандадым. Бірақ, қазір театр актері болғым келеті­нін түсіндім. Өмірдің ең батыл да өжет, шындыққа шырыл­дай қарайтын бір кейіпкері болатын шығар деп ұзақ толғандым. Жалған ондай адамдарға орын бермейтіндей көрінеді. Несі бар? Оны театрда сомдауға болады. Бастысы, өзім арманд­аған образбен театрда өнер көрсетсем деймін.

Қазірде өнер саласында Дәурен Серғазинге көп еліктеймін. Оның кинодан бөлек, театрда сомдаған рөліне мұқият зер салып қараймын. Өмір мен өлім арасындағы ең батыл бейнені, ең шыдамды адамды, ең сенімді һәм шынайы болмысты  көремін.

Театр – қаншама көзқарас жиылатын жер. Онда адам бойындағы рух өзіне ғана емес, көрермендерге де жетуі керек. Әрбір адамның жүзіне жағдайды сезіндіріп, эмоциясын ойната алу үшін де қаншама қажырлы қайрат, күшті мінез, күш-қуат керек. Тұла бойымдағы рух сол көрер­мендердің жүрегіне жетіп, бүршік атса, гүлдесе деймін. Сонда менің де артистік жолда есімімді ұрпағым есте сақтар еді. 7-сынып оқушысы болсам да, театр әлеміне қызығуым, өмірден ойылған өз орным деп қабылдаймын. Арман­ды тек ойлап ғана қоймау керек, оны қағаз бетіне де түсіру керек. Сонда оған көпшілік тілекші болады, оқырман «арманы орындалсын» деп ниет білдіреді. Мен үшін де маңыздысы – осы.

Ерназар  СӘРСЕНҰЛЫ,

№150 қазақ орта мектебінің 7-сынып оқушысы,

Шиелі ауданы,

Ортақшыл ауылы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: