Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алтын сақа (ертегі)

31.12.2020, 10:00 707 0

Бір бала бір күні ағаш түбінен жараланған кептер тауып алады. Қанаты сынып, ұша алмай қалған екен. Үйіне әкеп, емдеп, тамақ береді.

Ертесі баланың ата-анасы жұмысқа кетеді. Сол кезде әлгі кептер мыстан кемпірге айна­лады.

– Ойыншықтарыңды көрсет! Әйтпесе өлтіремін, – дейді айғайлап.

Бала ойыншық салған қорабын кемпірге береді. Олардың ішінде алтын жалатқан сақа бар еді. Мыстан оны алып, сыпыртқысына мініп  ұшып  кетеді.

Бала алтын сақасын қайтарып алғысы келді. Достарын көмекке шақырады. Бірақ олардың барлығы бос емес екен. Амалы­ таусылған ол жалғыз өзі сақасын іздеуге аттанады.

Жолда терең екі шұңқыр­ға кезігеді. Ортасында дәу қара тас тұр екен. Тастың үстіне «мына екі тиіннің қолында есеп бар. Қайсы есептің шешімі дұрыс, сол шұңқырға түс!» деп жазылыпты. Бала жан-жағына қарап, екі шұң­қыр­дың да аржағынан тиіндерді көреді. Екеуі де тас болып  қатып  қалыпты.

Бала бірінші шұңқырдағы тиінге барады. Оның қолындағы параққа: (1+1)+3=6 деп жазылғ­ан екен. Ал, екіншісінен (1+2)+3=6 деген­ жазуды оқиды. Көп ойланып жатпай екінші шұңқырға түседі. Шұңқыр іші тастай қараңғы екен. Түкпір жақтан екі жерден екі нәрсе жылтырайды. Ол балаға айдаһардың көзі секілді болып елестеп кетеді. Қорыққанынан кейін шегініп, сыртқа шықпақ болады. Сол кезде­ әлгі тиіндер шұңқырға секіріп түсіп:

– Балақай, қорықпа, – деп айғайлайды. – Бізді мыстан кемпір сиқырлап, қатырып тастад­ы. Сен есепті дұрыс шешіп, бізді құт­қардың. Енді біз саған көмектесеміз, – дейді. Сонда  бала:

– Олай  болса, анау жылтыраған ненің көзі? Біліп  келіңдер, – дейді.

Екі тиін секіріп барып екі бұрыштан екі затты­ алып  келеді. Айдаһардың көзі деп қорыққаны  алтын сақа екен. Біреу емес, екеу.

Сол  сәт алақанына аспаннан қалықтап келіп бір жапырақ қонады. Жапырақтың бетінде­ «сауса­ғыңды бүгесің, ішектерін ілесің» деген жұмбақ жазылыпты. Бала бұның шешімі не еді деп ойланады. Кешікпей сол жақтағы сақа­ның сәулесінен ине-жіптің бейнесі көрі­неді, ал оң қолындағы сақадан жетіген аспабы көрінеді. Бала оң жақтағы сақаны алып шұң­қырдан шықпақшы болады. Бірақ шұңқыр терең болғандықтан, шыға алмайды. Артынан ормандағы бүкіл тиін көмекке келеді. Олар бір-бірінің құйрығынан ұстап ұзын арқан жасайды. Бала сол арқанмен өрмелеп сыртқа шығады. Түнделетіп үйі­не келеді. Келсе, әкесі мен анасы жұмыстан жаңа келіп, тамақ іш­келі жатыр  екен.

– Бүгін далада көп ойнадың ғой, балам, – дейді анасы.

– Топыраққа аунағансың ба, үстің шаң ғой? – дейді әкесі. – Тез  жуын, тамағыңды  іш.

Бірақ, екеуі де ары қарай ештең­е сұрамайды. Бала бүгінгі оқиғаны ата-ана­сына ертең айтып беруд­і жөн көреді. Аздан соң ол алтын сақасын уысына қысқан күйі тәтті ұйқыға  кетті.

Толағай  СЕРІКБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: