Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйелдерге керек кеңес (2-бөлім)

27.11.2021, 14:00 458

немесе қазақтың ырым-тыйымдары

Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.

Әйелге түнде суға баруға болмайды, өйткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.

Екіқабат әйелге түйе етін жеуге болмайды, әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда да тумайтын болса, бураның мойнына ақ мата салып, содан аттап өтуі керек.

Жүкті әйел жеңіл босану үшін толғатқан кезде оған тиісті барлық сандықтар ашылып қойылады.

Жаңа босанған әйел киіз үйге кірген итті қумайды, егер қуса, тісі түсіп қалады.

Әйел отынды ошақтың үш бұтының үстінен асырып жинап қойса, күйеуі басқа әйелге үйленеді.

Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.

Бірінші бөлім.

Жалғасы бар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: