Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйелдерге керек кеңес

26.11.2021, 9:00 472

немесе қазақтың ырым-тыйымдары

 Түнде жатқан төсегіңді таңертең өзің жина. Жиналмай қалған көрпе жастықтың ішіне сайтан кіріп алады да, адамға жамандық тілейді. Жиналмаған төсек-орын жаугершілікті де еске түсіреді. Төсектің жиналмауы – әйелге де сын. «Салпы етек, салақ, бос әйел» деген қанқу сөз тарайды. Сөзге іліккен әйелдің үйінен құт қашады деп ұйғарылады.

 Қазақта әйел еркектің алдында төсін жарқыратып отырмайды. Бұлай істесе сұқ көз қадалады, тіл тиеді. Соның салдарынан төсі қараяды, омырауы іседі. Тас емшек болып омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы суық, бауыры тас болады деп жориды.

 Әйел кісі итке тас лақтырмайды. Бұлай істесе құты қашады. Ит – жеті қазынаның бірі, шамданады. Әйел қолының берекесі қашады, ырысы қашады деп ырымдалады.

 Әйел мал бауыздамайды. Басқа амал болмаған жағдайда тіреуішке мініп бауыздайды. Өйткені әйел мал бауыздағанда сескенеді. Сескеніп бауыздаған малдың еті мәкіру саналады.

 Әйел пышақ қайрамайды, жаниды. Пышақ қайраса еркегінің сағы сынады деп жорылады.

 Жерік болған әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған әйелдің баласы су ауыз болып туылады, ондай бала суайт болады деп ырымдалады.

Тойы жасалып, үйінен ұзатылып шығарылған қыз кетіп бара жатқанда артына бұрылып қарамайды. Бұлай істесе – некесі бұзылады, күйеуімен отаспай, үйіне қайтып келеді деп жорылады.

Жалғасы бар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: